ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ 724 АДАМ ЖҮГІНГЕН

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында отбасын қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Түркістан облысындағы барлық аудан-қалаларда 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істейді. Өткен жылға қарағанда 10 орталыққа артып отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 724 адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетілген. Бұл бағытта әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмысшы топ екі күндік сапар аясында Түркістан, Кентау қалалары мен Сайрам, Сауран, Төлеби аудандарындағы Отбасын қолдау орталығы мен Жастар денсаулық орталықтарына мониторинг жүргізетін болады.
Бүгінде «Отбасын қолдау орталықтарында» 160-қа жуық маман қызмет көрсетеді. Ғимараттардың материалдық-техникалық базасын жасақтау, кәсіптік мамандармен және қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған. 2025 жылдың наурыз айынан бастап орталықтардағы мамандар үшін «FSM Social» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға қолдау көрсету үдерісін автоматтандыруға бағытталған. Жүйе — жеке көмек жоспарларын құру және мемлекеттік органдардың әрекеттерін үйлестіру үшін цифрлық құралдарды пайдаланады. Сонымен қатар, орталықтағы қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру үшін өткен жылдан бері бернеше рет семинар-тренингтер өткізілген. Биылғы жылы да Түркістан қаласында 26 наурыз бен 2 сәуір аралығында барлық орталық қызметкерлеріне оқыту сабақтары жүргізілуде. Сондай-ақ, сәуір айының екінші жартысында өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды қамту жөніндегі мобильді топ мүшелері әрбір аудан-қалада көшпелі семинар-тренингтер өткізеді.
Тұрмыстық зорлық‑зомбылықты болдырмай, ана мен баланы қорғау, отбасы институтының маңыздылығын қоғамға жеткізу. Әлеуметтік жағынан маңызды орындарда плакаттар ілініп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді; полиция инспекторы мен әкімдік қызметкерлері қоғамды осындай акциялармен таныстырды.
Бұл акция аясында «Тұрмыстық зорлық‑зомбылық — қоғам кеселі» тақырыбында дәріс өтті. Оған жергілікті мәслихат депутаттары, полиция, колледж студенттері және түрлі ұйым өкілдері қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдер, дәрістер отбасылық құндылықтарды насихаттауға және құқықтық түсіндіруге бағытталған. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тұрмыстық‑зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсетеді:
Ал «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары Сайрам ауданы аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы аясында жалғасуда.
Жалпы Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді. Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, былтыр 1 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған. 2017 жылы құрылған Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметтері осы уақыт ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен, олардың отбасыларымен жұмыс істеп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл қызметке деген сенім арттырылып зорлық-зомбылықтың анықталуы көрсеткіші жоғарылаған. Былтыр 2,5 мыңнан астам әйелге кешенді психологиялық сүйемелдеу көрсетіліп, 400-ден астам отбасы тиранымен түзету жұмыстары жүргізілген.
Жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 700-ден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетіледі. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы зор. Орталыққа жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері болған азаматтарға уақытша баспана да беріледі. Мемлекет Басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды басты назарда ұстауды тапсырды. Аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін өңірімізде нақты жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағындағы аудан, қалаларда құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының» жұмысын одан ары қарай жетілдіру керек. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажет.
Айта кетейік, 2022 жылдан бері әрбір қала мен ауданда отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұру үшін отбасын қолдау орталықтарын құру басталды. Орталықтар мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын іске асырады. Одан бөлек, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіреді.













