Вторник, 6 мая

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

0
19

Түркістан облысында 2025 жылы 172 нысанның құрылысын іске асыруға жалпы бюджеттен 131,9 млрд теңге қаржы қаралған. Аталған жобалардың 127-сі 2024 жылдан өтпелі болса, 45-і жаңа нысандар. Жыл соңына дейін 103 нысанның құрылысын аяқтап, ел игілігіне беру көзделіп отыр. Бұл жайында Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл брифингте мәлімдеді.

«Өңірде салынып жатқан нысандардың басым бөлігі білім саласына тиесі. Нақтырақ айтсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 жаңа білім ордасының құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, қолданысқа беруді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, 1 әкімшілік ғимаратының құрылысы, 1 денсаулық сақтау саласына, 27 нысан тұрғын үй, 6 нысан – мәдениет саласына тиесілі нысан пайдалуға берілмек. Биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарының 69-ы 2026 жылға өтпелі. Жыл соңына дейін 4731 пәтер ел игілігіне беріледі. Оның ішінде, 2593 пәтер — сатып алынса, 2138-і — ниеселік пәтер» — деді спикер.

Сонымен қатар, басқарма басшысы облыс көлемінде 2024 жылы 348 нысан құрылысына 251,1 млрд теңге қаралғанын жеткізді. Оның ішінде, 193 нысан 2023 жылдан өтпелі болса, 155-і жаңа нысандардың құрылысы болған. Жыл қорытындысымен 226 құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілген. Сондай-ақ, өткен жылы аудан және қала әкімдіктері тарапынан 245 үйде 2590 пәтер сатып алынған. Жалпы, 2024 жылы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 4226 жаңа жұмыс орындары ашылса, биыл тағы да 1163 азаматқа қызмет орындарын ұсыну көзделіп отыр.

Leave a reply