Среда, 7 мая

Алматы облысында 700 — ден астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

0
22

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Алматы облысында 775 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 22 980 нысан толықтай бейімделген.

2024 жылдың соңына дейін Алматы облысы бойынша 330 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде 775 нысан бейімделіп, жоспар артығымен орындалды.

Мәселен, өңірдегі 775 нысан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Олардың ішінде:

— денсаулық сақтау объектілері – 142;

— білім беру нысандары – 413;

— мәдениетнысандары– 106;

— мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 103;

— спорт нысандары – 10;

— әлеуметтік қорғау объектілері – 1.

«Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, жайлы орта қалыптапсып келеді. Объектілердің иелері өз нысандарын құрылыс нормаларына сәйкес келтіру үшін жұмыстар жүргізуде. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын қалыпқа келтіріп жатыр. Қонаев қаласының 1 шағынауданы 28А ғимаратында орналасқан қалалық кітапханасына барғанымда, мекемеде жасалған қолжетімділікті көріп, ерекше қуандым», – деп бөлісті Қонаев қаласының тұрғыны бірінші топт мүгедектігі бар Қайрат Әзірбай.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2025 жылдың басынан бастап профилактикалық бақылау шеңберінде 4 тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 нұсқама берілді.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.

Leave a reply