Понедельник, 9 июня

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚАТАРЫ АРТЫП АРТЫП ЖАТЫР

0
7

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар қатары артып, өңір даму үстінде. Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Аталған тақырыпта Түркістан облысы тұрғындарының назарына атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында мәлімет ұсынамыз.

Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Өңірде құрылыс саласындағы мәселелер шешілуде. Мәселен жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.

білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 мектеп (Түркістан қаласы) пайдалануға берілді. Қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған және жыл соңына дейін тағы 12 мектеп құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Қалған 13 мектеп 2025 жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған. Мәдениет саласы бойынша 12 нысан салынып жатыр. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 нысан тапсырылмақ. Қалған 8 нысан 2025 жылға өтпелі. Спорт саласында 22 нысан құрылысы жүргізілсе, оның 3-еуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 7 нысан беріледі. Ауыл шаруашылығында – 7, арендалық тұрғын үйлерді сатып алу бойынша 247 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысы аяқталады. «Turan» АЭА-ға инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланып, 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталады деп көзделген. Сонымен қатар Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында бүгінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Түркістан облысында 2024 жылы өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаржы бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы басталды. Онан соң балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңының құрылыс сапасын бақылап, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде балалар алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Денсаулық сақтау нысанында 94 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 3-еуі тапсырылған, жыл соңына дейін тағы 90-нын тапсыру көзделген. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жоба жүзеге асуда. Облыста 3 әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін үшеуі ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 мәдениет нысанының 4-еуі биыл ашылса, 23 спорт нысанының 3-еуі берілген. Жыл соңына дейін 10 спорт нысаны беріледі.

Тұрғын үй, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аймақта 221 үй, 2469 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Түркістан облысында 700-ге жуық мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның iшiнде 400-дейі кiтапхана, 250-ден астам мәдениет үйлері мен клубтар, 24 музей, 3 кәсіби театр,   2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, 1 көркемсурет галереясы,   1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 9 саябақ бар.

Өткен жылы Түркістан облысының 5 жылдығына кең көлемде атап өтілді. 3 кәсіби театрда 15 жаңа спектакль сахналанып, ағымдағы 132 спектакль қойылды. Райымбек Сейтметовтың 85 жылдық мерейтойына орай республикалық театрлар фестивалі ұйымдастрылды. Оған қоса өңірде Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінде халық шығармашылығын дамыту, әдістемелік көмектер көрсету мақсатында «Мәдениеті ауылдың…» ақпараттық танымдық бағдарламасы, «Ұлттық мұра жаршысы» танымдық фильмдер, «Түркістан мақамдары», «Мәдениет және өркениет»  әдістемелік семинар мен шеберлік сағаттарын өткізілді. Өңірде аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Leave a reply