ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ІЛГЕРІЛЕП, ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТУДА

Түркістан облысында кәсіпорындар мен өндіріс орындарын бір жерге шоғырландыру, олардың тиімділігін арттыру және инвесторларға қолайлы жағдай қарастыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Жалпы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы мүмкіндіктері жоғары. Аталған мәселе төңірегінде облыс тұрғындарының назарына атқарылған жұмыстар жайында мәлімет ұсынамыз.
Қазіргі уақытта аталған аймақтардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалып, экономикалық серіктестік орнату бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Облыс орталығында «Тұран» арнайы экономикалық аймағының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оны инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы 6 кезеңнен тұрады. Жиын барысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев «Тұран» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету барысын баяндады.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда 5 кезеңнің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2 жобаның құрылысы аяқталды. Пайдалануға тапсыру жұмыстары атқарылуда. Яғни, 1-кезең бойынша газбен қамту жұмыстары жүргізілсе, 3-кезең өрт сөндіру және өткізу бекеттерін салу, абаттандыру, байланыс желісімен қамту, қоршау жұмыстары аяқталған. Газбен қамту жұмыстарын «Баянды Құрылыс» ЖШС жүргізген. Жоба құны – 1,58 млрд теңге. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалған.
Қазіргі таңда «ИнтерГАЗ» АҚ-на қарасты АГРС-14-ке тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үшінші кезеңді «Баянды Құрылыс» ЖШС жүзеге асырған. Жоба құны – 1 млрд теңге. Бүгінгі таңда пайдалануға тапсыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қалған кезеңдер бойынша жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жиын барысында индустриалды аймақтардағы өзекті мәселелер де ортаға салынды. Ондағы жүзеге асып жатқан жобалар мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы қаралды. Түркістан облысында жалпы ауданы 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ бар. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Сауран аудандарында орналасқан. Қазіргі уақытта құны 114,2 млрд теңгені құрайтын 79 жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында 5 624 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
Атап өтсек, машина жасау бойынша 5 жоба, тамақ өнеркәсібі бойынша 6 жоба, жеңіл өнеркәсіп бойынша 14 жоба, құрылыс бағытында 44 жоба, экономиканың басқа да салалары бойынша 11 жоба іске қосылуда. Арнайы аймақтарды инфрақұрылым жүйелерімен қамту, инвесторларды тарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Жалпы Түркістан қаласында жаңа кәсіпорын ашуға ниетті ірі компания өкілдерімен түрлі келіссөздер жүргізілуде. Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, тұрақты жұмыс орындары ашылады. Өндірістік парк аумағында өндірістік ғимараттар салынуда, 14 ғимарат іске қосылды. Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ, аймақтың агроөнеркәсіптік кешені елімізде көш бастап тұр. Республикадағы жалпы өнім көлемінің 13 %-ы өңірге тиеселі немесе 1 трлн. теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 млрд. теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда.
Бүгінде Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады. Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінде 9 индустриалды аймақ бар. Онда құны 44,4 млрд. теңгені құрайтын 63 жоба жүзеге асқан. Асфальтті бетон жасау, металл бөлшектер мен бұйымдар өндірісі, мобильді жылжымалы контейнерлер өндіру, тігін, жиһаз өндіру, металл торлары мен құрылыс блоктарын жасау, темір есік өндірісі, тауарлық бетон шығару цехы, темір бетон бұйымдары және басқа да өнімдер өндіріліп, Түркістан және басқа да өңірлерге тасымалдануда.