Понедельник, 9 июня

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
10

Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Бүгінде өңірде түрлі заманауи талаптарға сай спорт нысандары ел игілігіне пайдалануға беріліп келеді. Аталған бағытта Түркістан облысының тұрғындарының назарына атқарылған жұмыстар алдағы жоспарлар жайында мәлімет ұсынамыз. Осыған дейін жеке қабылдауларда жиі көтеріліп жүрген жауапты мәселелердің бірі спорт саласы екені анық. Бүгінде облыста спорт инфрақұрылымын саралау нәтижесімен ауылдық жерлерде спорт нысандарын қажет ететін 96 елді мекен анықталып отыр. Талапқа сай емес спорт нысандары сарапталып, есептен шығарылуда. Былтыр «Ауыл – Ел бесігі» республикалық жобасы аясында өңірде 7 нысан (Бәйдібек – 2, Созақ – 1, Төлеби –1 Жетісай – 2, Мақтаарал – 1) құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. 2024 жылы 12 нысан құрылысы аяқталды. Ал 2023 жылы аудан, қалаларда 44 нысан жеке инвестициялар есебінен салынып, пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі – 3 млрд. 939 млн. теңге.

Былтыр спорт мекемелері ғимараттарында 5 ағымдағы және 1 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 мекемеге 56 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған. Осыған дейін спорт саласын дамыту мен бұл саладағы жетістіктер айтылған мәжілістер өтіп келеді.

Солардың бірі Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі Орталығы» ғимаратының мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт ұйымдарының басшылары мен спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушылары бас қосты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындары сараланып, алдағы жарыстарға дайындық барысы пысықталды. Спорттың 34 түрін қамтыған кешенді додада Түркістан облысының спортшылары үздік нәтиже көрсетуі үшін аға жаттықтырушылар мен жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ, 2025 жылдың I тоқсаны бойынша спорт мекемелерінде атқарылған жұмыстар жөнінде есептер тыңдалды. Атап айтқанда, Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Даурен Тәңірбергенов, Сайрам аудандық №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Маъруфжон Абдишкуров және Сауран аудандық №1 БЖСМ директоры Нұрлан Қозыбаев жетекшілік ететін спорт мектептерінің жетістіктері мен алдағы жоспарлары баяндалды. Олар өз баяндамаларын слайд арқылы толықтырды. Жиын барысында биыл 12-21 қыркүйек аралығында Алматы облысында өтетін «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына Түркістан облысы құрамасының дайындығы кеңінен талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының спортшылары өткен VII ауыл спорт ойындарының жеңімпазы атанған.

Мәселен,  Шардара қол күресін жақсы дамытты, Түлкібаста күрес жақсы жолға қойылған. Осы жағын да зерделеп, нақты жоспар жасауды тапсырамын. Спорт кешендерін салуға инвесторларды да тартқан жөн. Бірақ нысан салатын аумақты әкімдіктер ұсынып, қадағалауы тиіс. Спорттың нысандар салу, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасады. Сондай-ақ, спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне жұмыстар күшейтіледі. Сонымен бірге мәжілісте ескек есу каналының құрылысын жалғастыру мәселесі де қаралды. Жоба толық жүзеге асу үшін қаражат керек. Ұсыныстар қарастырылады. Сонымен бірге халықаралық талапқа сай атшабар мен Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылысы да талқыланды. Атшабарда ат спортын дамытуға, ірі жарыстар, бәйгелер, көкпар бәсекесін өткізуге барлық жағдай жасалмақ.

Жанкүйерлер секторы да заман талабына сай жасақталады. Жарықтандыру жүйесі жасалып, балаларды атқа мінуге үйрететін орын да жасақталмақ. Ал Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Биыл жазда тапсырылады деп күтіліп отыр. Облыс әкімі аталған нысандардың құрылысын сапалы әрі уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, Түркістан облысында 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары тіркелген. Онда 61 (29 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес) спорт түрі дамытылып, 2426 жаттықтырушы 60173 баланы кәсіби түрде спортқа баулып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен аймақта спорт нысандарының қажеттілігіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 108 спорт кешенін салу және 48 ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені анықталды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 3540 спорт нысаны тіркелген. Оның 2577-сі білім беру мекемелерінде болса, әкімдік теңгерімінде 543 нысан бар. 270 нысан жеке меншікте, ал 150 нысан спорт мекемелерінің меншігінде. Басқармаға бағынысты және қала, аудан әкімдіктеріне қарасты 100 спорттық ұйым қызмет атқаруда. Жөндеуді қажет ететін спорт нысандарына да жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлінуде. Дәлірек айтқанда, биыл 14 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Спорт нысандарына қажеттілікті азайту мақсатында 2025 жылы 51 спорт нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

 

 

Leave a reply