ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҮШ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

Ордабасы ауданында тұрғындарды газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін Шұбар ауылдық округіне қарасты Тоқсансай, Береке, Сарытоғай ауылдарында «көгілдір отын» беру рәсімі өтті. Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша 64 жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін 34 елді мекенді қамтитын 38 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Елді мекен тұрғындарын сапалы инфрақұрылмммен қамту жұмыстары өз деңгейінде атқарылып жатыр. Бұл бойынша өңір тұрғындарының назарына мәлімет ұсынамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Айта кетсек, аудан бойынша 25 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 2021 жылы тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталған. Соңғы 2 жыл ішінде аудан әкімінің үйлестіруі мен бақылауының нәтижесінде аудан тұрғындарын толық табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде қазіргі таңда аудан бойынша 57 елді-мекеннің 36-сы табиғи газға қосылып, жалпы көрсеткіш 2 жылдың ішінде 15,7 пайыздан 63,1 пайызға өсіп отыр.
Келесі кезекте Шұбарсу ауылын газбен қамту міндеті тұр. Биыл ауылға газ жеткізуші құбырдың құрылысына бастапқы қаржы қаралып, жұмыстар басталады. Одан бөлек, басқа да елді-мекендерде тиісті жұмыстар атқарылып, 2 жыл көлемінде ауданымыз толық газбен қамтылады деп күтілуде. Ендігі кезекте, табиғи газ қосылған ауыл тұрғындары өз үйлеріне газ қосу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Аудан басшысы ауыл оркругтерінің әкімдіктеріне бұл жұмыстарға тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.
Осы мақсатта биыл облыс аумағында жалпы 63 ауыз су нысанының құрылысына бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Соның ішінде, бірінші кезекте 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстарын осы жылы аяқтау көзделген. Атап айтқанда, бұл жұмыстармен Келес ауданында 13 елді мекен, Сарыағашта – 9, Ордабасыда – 3, Отырар мен Бәйдібек аудандарында 2 елді мекеннен және Қазығұртта 1 елді мекен қамтылмақ.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен мониторинг жұмыстарының нәтижесін зерделеу бойынша кезекті штаб отырысы өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірде инфрақұрылым жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, сын-ескертпелер айтты. Салаға жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарларының есебін тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Әр нысанды жеке қарап шығып, «сақалды құрылыстың» алдын алуды, жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.
Штаб отырысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев өңірдегі елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары туралы баяндады. Кемшіліктерге жол берген жауапты басшылар мен мердігерлерге жеке тоқталып, қатаң ескерту жасады. Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша 64 жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін 34 елді мекенді қамтитын 38 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 16 елді мекенді қамтитын 26 жоба келесі жылға өтпелі. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл соңына дейін 45 елді мекендегі 84 мың халықты «көгілдір отынмен» қамту көзделуде. Нәтижесінде, облыстағы 608 елді мекен қамтылып (75,3%), 89,4 % тұрғын табиғи газға қол жеткізбек. Жалпы облыс елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Тиісті қаржы қаралған жағдайда, жоспар толық орындалмақ.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша биыл 45 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 23 нысанды пайдалануға тапсырып, 19 елді мекендегі 28,2 мың халықты сапалы электр энергиямен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда 18 нысанның құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Сонымен қатар Төлеби ауданында 110 кВ-тық «Алатау» және Жетісай ауданындағы 110 кВ-тық «Жетісай» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Инфрақұрылым нысандарына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» облыс әкімдігімен бекітілді. Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекенді (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Жалпы, елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда және жүйелі түрде ары қарай жалғасатын болады.