Вторник, 10 июня

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

0
12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды жақсартып, қолжетімділікті арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Аталған саладағы оң өзгерістер жайында өңір тұрғындарының назарына аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша ақпарат ұсынамыз.

Сонымен, өңірде 94 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл нысандар Сарыағаш ауданында орналасқан. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Барлық нысандарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобалардың жалпы құны – 11,1 млрд теңге. Аталған пилоттық жоба аясында іске асырылатын жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 42 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады. Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Баққоныс, Төрткөл, Көкпарсай елді мекендерінде 3 ФАП құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 27 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржысы қаралып, конкурс жарияланды. Жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзілді. Қалған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесі өткізілуде. Аталған нысандар жыл соңынай дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.

Түркістан облысында алдағы жылдары 7 ірі жоба іске асырылмақ. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді.  Олардың қатарында облыс орталығында салынып жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы да бар. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 төсек орындық заманауи медициналық орталық, Түркістан қаласында 200 орындық облыстық балалар ауруханасы салынбақ. Ал Түркістан қаласын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 12 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл қорытындысымен 4 нысан құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қалған 8 нысан келесі жылы аяқталмақ.

2021 жылы Түркістан қаласында Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы үшін Түркістан облысының әкімдігі 3,3 гектар жер телімін бөлген болатын. БАӘ, Абу-Даби қоры демеушілікті мойнына алса, конкурс нәтижесінде «Эристайл-Казахстан» ЖШС мердігер мекеме атанды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында 210 орындық аудандық аурухана мен Сауран ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен облысымызда азаматтардың 83%-ы қамтылған. Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөнінде Түркістан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және мемлекеттік органдармен өңірлік штаб құрылып, қала-аудан әкімдіктеріне тапсырма беріліп жұмыстар жүргізілуде.

Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылдың қорытындысымен 15,9 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 түрін сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 213 665 науқас жалпы сомасы 16 882 419 мың теңгеге қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 18 жасқа дейінгі 64 257 науқасқа 3 523 275 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің техникамен жарақтандырылуы 85,22% құрап отыр. Түркістан облысында былтыр 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауылдар мен елді мекендердің 100 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылмақ. Сонымен бірге өңірдегі ауруханалар мен емханаларға заманауи құрылғылар, жедел жәрдем көліктері алынды.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 4 нысан пайдлануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысын аяқтау көзделген. Қалған 21 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағында 172 нысанның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 127 нысанның құрылысы өткен жылы басталса, 45-і – жаңа нысандар.

Абаттандыру және саябақ құрылысы бойынша 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге 1 нысан (Яссы көшесі бойындағы желілік саябақ, 3-кезек) құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 3 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Қалған 3 нысан 2025 жылы тапсырылады.

«Turan» АЭА-на инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталса, қалған 1 нысан (электрмен жабдықтау) келесі жылы тапсырылады.

Жайлы мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша биыл тапсырылатын 29 мектептің 4-і қамтылған. 25 мектептің құрылысына 4,9 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстар 100% аяқталған.

 

 

Leave a reply