Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

0
19

 

Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның ішінде, 83 554-і тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орны. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен бұл саладағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған. Халықты жұмыспен қамту саласындағы 4 айында облыс аумағында жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша 7883 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12031 жұмыс орны құрылғанын, нәтижесінде, 1 айда 4148 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылғанын, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында 1747 жұмыс орны, 1 айдың ішінде 775 жаңа жұмыс орны ашылғанын, ұлттық жобалар аясында 321 азамат жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Сонымен қатар, жүздесуде өз кәсібін бастаймын, адал еңбек етемін деушілерге берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттардың бірінші легі бойынша Жетісай ауданына берілген 75 орынға 150 азаматтың құжат тапсырғаны, бизнес жобаларды қаржыландыруда қатаң бақылау жүргізілетіні және мемлекет қаржысының әр тиынының есебі сұралатыны да нақты айтылды. Жүздесу соңында Серік Үсенұлы Еңбек мобильділігі орталығына бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың жүзеге асуына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Жетісай ауданының әлеуметтік саласында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында бірнеше өзекті мәселе бар. Атап айтқанда, Жетісай қаласының ауыз су жүйелері Кеңес Одағы кезеңінде салынған және тозығы жеткен. Осыған байланысты, 2020 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қаланы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2021 жылы республикалық бюджеттен 690,8 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. 2022 жылы тағы 1,4 млрд теңге бөлініп, тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылды. Сонымен қатар, екі жаңа су резервуары, насос станциясы және ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында аяқталып, қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру саласы: Ауданда оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі бар. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше мектептерге қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, №57, 102, 177 мектептерде 1050 жаңа оқушы орнына арналған қосымша құрылыс аяқталды. Сонымен қатар, №112, 148, 103 мектептерге қосымша үш жапсарлас құрылыс басталды.

Медициналық қызмет көрсету: Жетісай аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау бөлімі жаңартылып, магнитті резонанстық томография және ангиограф сияқты заманауи медициналық құрал-жабдықтар орнатылды. Бұл шаралар аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қолдау: Жетісай ауданында әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл қолдау ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына беріледі.

Жұмыспен қамту: Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында кәсіпкерлік секторды дамытуға баса назар аударылуда. Мысалы, «Рахат кз», «Алатау» базарларын жаңғырту және «Керемет» сауда үйін салу аясында 1250 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Вираж» автосалонының құрылысы аяқталған соң 150 жұмыс орны ашылады.

Жетісай ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы өңірлік өнім көлемі 174,1 млрд. теңгеге орындалды.  2023 жылға арналған бюджеттің шығыс жоспары 23,9 млрд. теңгені құрап, өзіндік кірістер 4,5 млрд. теңгеге, субвенция     2,8 млрд. теңгеге, трансферттер көлемі 16,4 млрд. теңгеге, оның ішінде даму трансферттері 9,8 млрд. теңгеге, ағымдағы трансферттер 6,6 млрд. теңгеге артты.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 20 мыңнан асты. Олар өндірген өнім көлемі 81,8 млрд. теңгені құрады.Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 118,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 92,7 млрд. теңге, мал шаруашылығы 25,4 млрд. теңге, ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 6,6 млрд. теңгеге жетті. Шаруалар егілген бақшадан 566 мың тонна, мақтадан 122 мың тонна 27 центнер өнім алынды. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,8 млрд. теңгеге 320-дан астам өтінім беріліп, 250 жоба 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Ағымдағы жылы аудан бюджеттінің кірісі мен шығысы 17,3 млрд. теңге болып бекітілді. Ал, өзіндік кірісінің жоспарының үлесі 4,6 млрд. теңгені құрады.

Ауданда инвесторлар тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Былтырғы жылға негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі нақты 25,4 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге артық. Жалпы 2023 жылы ауданда жалпы соммасы 3,9 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба іске асырылып, 754 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтар болсақ, Жетісай қаласында ЖК «Балғабаева г» құны 540,0 млн.теңгеге «Сауда, ойын-сауық кешені»жобасын іске асырды. «Бүгінгі таңда 1-этап бойынша құрылыс монтаж жұмыстары аяқталды», — дейді сала мамандары.

 

Leave a reply