Воскресенье, 15 июня

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ТҮРЛІ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

0
23

Жуықта Сайрам ауданында FSMSocial цифрлық платформасын таныстыруға арналған оқыту жиыны өтті.Аталған мазмұнды мәжіліс Сайрам ауданы әкімдігі мен аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ведомствоаралық деңгейдегі оқыту жиыны өтті. Іс-шара «Отбасын қолдау орталығының» мәжіліс залында өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты – әлеуметтік салада цифрландыруды ілгерілету және жаңа жүйемен таныстыру болды.

Жиында FSMSocial платформасының мүмкіндіктеріне тоқталып, жаңа жүйе халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, процестерді жеңілдетуге септігін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмектесу жұмыстарын жүйелендіріп, сала қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыратыны айтылды. Жалпы Түркістан облысының ірі аудандарының бірі — Сайрам ауданы экономиканың ауыл шаруашылығы, өндіріс және қызмет көрсету салаларына негізделген кешенді даму жолында. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және кәсіби оқыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы бағдарламалар іске асырылуда.

Қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы аудан әкімшілігі қысқа мерзімді жұмыспен қамту шараларын ұйымдастырып, тұрғындардың табысын арттыруға қолдау көрсетеді. Сайрам ауданындағы мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы аймақ тұрғындарына тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, аудандағы экономикалық белсенділіктің негізі болып табылады. Сонымен қатар, аудан аумағында бірнеше ірі өндіріс кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде ірі ет өңдеу және сүт зауыттары бар. Бұл кәсіпорындар өндірістік қуаттарын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға белсенді ықпал етуде.

Жыл сайын Сайрам ауданында инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Жаңа өндіріс және өңдеу кәсіпорындары мыңдаған тұрғынға тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігін береді. Аудан әкімшілігі кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасауда. Сайрам ауданының экономикалық дамуы мен жұмыспен қамту саласындағы шаралар аймақтағы тұрақтылық пен халықтың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосуда.

Келесі сөзді «Отбасын қолдау орталығы» басшысының орынбасары Махаббат Айтбаева алып, FSMSocial цифрлық платформасы жайлы жан-жақты ақпарат ұсынды. Ол жүйенің 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық мекемелерде ресми түрде енгізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, жүйені тиімді қолдану үшін арнайы мамандар келіп, әр мекеме қызметкерлеріне оқыту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімі, орталық аурухана мен емхана мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері мен «Отбасын қолдау орталығының» мамандары қатысты. Қатысушылар жаңа платформаның құрылымы, қызметі мен қолдану ережелері туралы толық ақпарат алып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиын мазмұнды әрі тиімді өтті.

Ал Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығын дамыту және жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімдігі мен тиісті басқармалар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар аясында нақты жобалар іске асырылып, мыңдаған тұрғын тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылуда. «Еңбек» ұлттық жобасы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде өңірде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, қысқа мерзімді кәсіби курстарға жіберу, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда. Өткен жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша: 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан, 5 мыңнан аса азамат қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарынан өтті, 1,2 мың жас маман жастар тәжірибесіне жолданды, 800-ге жуық азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы жеке ісін ашуға мүмкіндік жасалуда. 2024 жылы 6 500-ден астам азаматқа кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл арқылы көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес өкілдерінің саны артып келеді. Жастарды жұмыспен қамту бағытында арнайы бағдарламалар іске асырылып жатыр. Жас мамандар тәжірибе жинақтап, еңбек нарығына бейімделуде. Сонымен қатар, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары арқылы еңбек жолын енді бастаған жастарға нақты мүмкіндіктер ұсынылуда. Облыста жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылуда. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету салаларында жаңа кәсіпорындар іске қосылып, тұрғындар еңбекке тартылуда.

 

Leave a reply