ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БОЙЫНША ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ АЛҒАШҚЫ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

0
40

Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған  жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.

Өңір экономикасының өсімі, негізінен, тау-кен, өңдеу, уран өндірістері, құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу  есебінен орын алды. 5 ай көлемінде Түркістан облысындағы өнеркәсіп өнім көлемі 593,0 млрд. теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Бекітілген жоспар 105,5%-ға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің үлесінде – 280,4 млрд. теңге болса, тау-кен өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі 259,6 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды. Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды. Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2%-ға артты. Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Түркістан облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң деңгейде қалыптасты. Өңірдегі жалпы сауда көлемі 219,7 млрд. Теңгені құрап, 108,8% -ға өсті. Түркістан облысы бөлшек сауда көлемі бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бергі бөлшек сауда көлемі 150,5 млрд. теңгеге жетіп, 112,4% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 533,9 млрд. теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 224,2 млрд. теңгені.

Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл салада өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд. теңгені құрап, өсім 6,3%-ға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд. теңгені құрап, өсім 1,4 есе артты. Жыл басынан пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 306,1 мың шаршы метрге жетіп, жоспар 125,5%-ға орындалды. Сауда көлемі 269,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,6 есе артығымен орындалды. Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 209,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға артқан. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, 15,2%-ға артты.

Түркістан облысы – тұрақты даму жолындағы мүмкіндігі мол аймақ. Жоспарланған межеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жалғасын табады. Экономикалық өсімге негіз болған басты салалар – тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, уран өндірісі, құрылыс индустриясы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы. Бұл бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізіліп, бекітілген жоспарлар артығымен орындалуда. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 5 ай ішінде 593,0 млрд теңгені құрап, 14,8%-ға артты. Жоспардың орындалуы 105,5% деңгейінде қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 280,4 млрд теңге, ал тау-кен саласындағы өндіріс көлемі 259,6 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіштер өңірдің индустриялық әлеуетінің тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл саладағы өндірілген өнім көлемі 194,3 млрд теңгені құрап, 6,3%-ға өсім көрсетті. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін иеленуде. Бұл ретте суармалы жерлерді тиімді игеру, жаңа технологияларды енгізу және шаруалардың мемлекеттік қолдау тетіктеріне қолжетімділігі маңызды рөл атқаруда.

Құрылыс саласында да оң өзгерістер байқалады. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 117,4 млрд теңгеге жетіп, көрсеткіш 1,4 есе артты. Сонымен қатар, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 306,1 мың шаршы метрді құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Жоспар 125,5%-ға орындалып, тұрғын үй құрылысының қарқыны артқаны байқалды.

Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүруде. Үш айдың қорытындысымен тиісті межеге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 353,6 млрд. теңгені құрап, 12,4%-ға артты.  Аймақтың экономикасын көтеру мәселесі және әкімдер мен басқарма басшыларын бағалау жүйесі, сонымен қатар бюджеттің игерілу барысы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмыс қарқынын түсірмеуді тапсырды.

– Бізге экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндеті жүктелген. Әр әкім, басқарма басшысы осы бағытта ізденіп, кіріс көздерін көбейтуге, жұмыс орындарын ашуға күш салулары керек. Инвестиция тарту маңызды. Сіздердің жұмыстарыңыз арнайы зерделеніп, рейтинг әзірленетінін тағы да ескертеміз. Сол бағалау нәтижесімен шешім қабылданады. Бюджетті тиімді жұмсау, уақтылы игеру бағытында да жүйелі жұмыс атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров. Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек пен Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.Елібаевтың есептері тыңдалды.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнім көлемі 116,4 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша аймақ – республикада көшбасшы. Бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстары көлемі 58,6 млрд. теңгені құрап, 57,4%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы –159,2 мың шаршы метр. Облыс бойынша 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жергілікті бюджетке 65,6 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 148,8%-ға орындалды. Есепті кезеңде салықтық түсімдер бойынша жоспар 40,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені – 57,7 млрд. теңге. 16,8 млрд. теңге артығымен орындалды. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 2,3 млрд. теңге болса, 6,1 млрд. теңге, түсіп, 3,8 млрд. теңге артығымен орындалып отыр. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 747,2 млн. теңге болса, нақты түскені – 1,7 млрд. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 7,2%-ға жетті.

 

Leave a reply