Суббота, 19 июля

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

0
4
Түркістан облысы – тарихи, мәдени, рухани және табиғи ресурстарға бай, қоғамдастыққа ерекше туристік бағыт. Кесене, тарихи қалалар, ұлттық парк және мәдени оқиғалар аймақты туристер арасында жоғары сұранысқа ие етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау мен инвестициялар арқасында инфрақұрылым жылдан жылға жақсарып, халықаралық деңгейге шығып келеді.

Туризмнің дамуына байланысты жыл сайын 100-ден астам мәдени, ұлттық және халықаралық шаралар өткізіледі (этно фестивальдар, музыкалық, спорттық оқиғалар, гастро‑көрмелер) .Түркістан облысы 2021 жылы туристік әлемнің Түркі әлемінің рухани астанасы аталды және 2023 жылы қызметті дамыту бағдарламаларын қабылдады . 2025 жылға қарай туристтер саны 2,5 миллион адамға дейін ұлғаймақ. Сонымен бірге тарихи нысандарды сақтауға арналған археологиялық және реставрациялық жобаларға басым көңіл бөлінуде (жалпы 59 нысан жоспарланған) . Облыстағы Аксу–Жабаглы ұлттық резерваты — Тәуелсіз мемлекеттердің бірігіп қорғаған Табиғи Биосфералық резерват, орташа тау-тандырғы тайпалық флора және фаунасы (Snow leopard, т.б.) бар.

Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны — 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны — 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген. Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды.

Түркістан облысында және облыс орталығындағы жаңа нысандар өңір сәулетіне сай бой көтереді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жоба қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.
Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс екенін ескертіп, құрылыста сапалы материалдырды қолдануды талап етті.
Жиында сәулетшілер, инвесторлар мен құрылыс мамандары облыс аумағында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Иірсу каньонында бақылау алаңын салу, Кентау қаласында демалыс аймағын салу, облыс аумағындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жобаларының эскиздері ұсынылды.
Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Отырар» шағынауданында орналасатын 5 қабатты тұрғын үй, теміржол вокзал аумағын абаттандыру, «Яссы» және «Бекзат» шағынаудандарын ретке келтіру бойынша ұсыныстар айтылып, аудан, қалаларды және туримзді дамытудың концептуалды жобалары қаралды.
Аймақта құрылысы жүргізіліп жатқан әрбір нысанның сәулеті мен құрылыс сапасы бақылауда болады.

Қ.А.Ясауи кесенесі – өңірге туристердің тартатын негізгі нысанның бірі. Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші саналатын тархи ғимарат 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи қабірінің басына тұрғызылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер көп. Жалпы 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі 37,5 метр. Үш қабырғасының үстіңгі жағында көгілдір қышқа өрнектеліп Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Түркістанға келген туристер міндетті түрде Отырар ауданында орналасқан Арыстан баб кесенесі кіріп, дұға етіп шығады. Себебі, Арыстан баб — Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы. Сондықтан болар, «Арыстан бабқа түне, Ясауиден тіле!» деген ел ішінде де тәмсіл сақталып қалған.

Көне Отырар жеріндегі Арыстан баб кесенесі XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Аумағында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Бүгінде Арыстан баб кесенесі мемлекеттік қорғауға алынған.

Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде Хантағы жотасы бар. Аты айтып тұрғындай мұнда ханның тағына ұқсас тау орналасқан. Ел аузындағы аңыз әпсаналарға сүйенсек, елді билеген хан түсінде ажалының қарақұрттан келетінін көреді. Көріпкелдерде дәл осылай болжаған. Сол жылдары елде төрт түлікте қарақұрттың улы тісінен өлім құша бастайды. Өлімнен қатты қорыққан хан қарақұрттан қашып Қаратаудың биік жотасына қоныстанады. Жан жағындағы жасақтары да ханды аса сақтықпен «қарақұрт» атты тажалдан қорғай бастайды. Жалпы Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Солардың бірінде қалмаққа қарсы жорыққа шыққан қазақ жауынгерлері кенеттен нөсер жауының астында қалады. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылыпты. Содан бері бұл тау ішіндегі үңгір Ақмешіт аталып кеткен.

Бертін келе үңгірдің ішінде үлкен үкі өмір сүрген. Оның төбеден түскен қиы төбешік болып үйіліп қалған. Сондай-ақ, сол маңдағы тұрғындардың айтуынша үңгір ішін үлкен ақ жылан мекендейтін көрінеді. Ол адамдардың көзіне көп көріне бермейді екен. Яғни, көпшілік үкі мен ақ жыланды үңгірдің киесі деп санайды. Түркістан облысындағы 1000 жылдық тұт ағашы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында өсіп тұр. Ағаштың түбі қурап кеткенімен, төбесіндегі бұталары бүгінде жапырақ ашқан.

Жергілікті тұрғындар оны «Мәжарат тұт» деп атайды. Биіктігі 8-9 метр болатын ағашқа 6 адамның құшағы әзер жетеді. «Жалпы, бұл ағаш туралы бірнеше аңыз-әпсана бар. Соның бірінде VІІІ ғасырда Ислам дінін Орта Азия елдеріне таратуға келген араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим отырғызғаны айтылады. Ал, екінші нұсқада Имам Бахли есімді діндар кісі жылқы байлау үшін жерге қаққан ағаш көгеріп, өсіп шыққан деген дерек бар. Ал, кей әпсаналарда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары осы маңнан өткенде бұлақ басына тіреп қойған аса таяғы қалып кеткен деседі», — дейді шырақшы Абдулатип Смайлов.

 

Leave a reply