ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІ ЖАЛҒАСАДЫ

Түркістан облысы цифрландыруды барлық салаларда — білім, медицина, коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік — жүйелі түрде енгізуде. Инфрақұрылым кеңейту, мемлекеттік қызметтерді онлайн өзгерту, білім беру мен қауіпсіздік жүйелеріндегі технологиялық жаңалықтар мен жаһандық серіктестіктер осы процесті одан әрі нығайтуда. Осы бағытта Түркістан облысында «Smart city» жобасы жүзеге асырылып келеді.
Қытайдың IT компанияларымен және Кореядағы Woosong IT университетімен серіктестік орнатылды; IT Park және оқу филиалдарын ашу жоспарланып отыр. Түркістан облысы білім саласында цифрлық жүйелерді республикада алғаш енгізген өңір ретінде танылды, электронды қабылдау платформалары арқылы мыңнан астам оқушының оқуға түсуі қамтамасыз етілді. 2025 ішінде 30‑ға жуық жаңа цифрлық жоба жүзеге асырылады. Ауылдық округтерде электрондық құжат айналым жүйесі енгізіледі. «3‑D модельдеу» және аэрофотосъемка арқылы Түркістан және Кентау қалаларының цифрлық карталары дайындалып жатыр. 2024–2026 жылдарға арналған денсаулық саласын цифрландыру тұжырымдамасы талқыланып, медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы 910 мемлекеттік мектептің 99.9 %-і интернетпен қамтылды, 2024 жылы 330 мектепке Starlink құрылғылары орнатылды. 149 жаңа елдімекен мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. 5G желісі алғаш рет Түркістан қаласынан басқа Сарыағаш пен Жетісайда да іске қосылды. Қоғамдық автокөліктердегі QR төлем жүйелері, GPS-трекерлер және диспетчерлік орталықтар енгізілді. Облыс бойынша 594 автобусқа GPS орнатылып, қозғалыс басқару жүзеге асырылудаОблыстың медициналық мекемелері үшін рейтингтеу жүйесі (қызмет көрсету сапасы, жеделдігі бойынша) енгізіліп, 1305 номеріне қоңырау, WhatsApp және электрондық пошта арқылы қолдау қызметі қамтамасыз етілуде. 2024–2026 жылдарға арналған денсаулық саласын цифрландыру тұжырымдамасы талқыланып, медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде«Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы аясында Түркістан және Арыс қалаларында бірнеше мектепке бейнекамералар, турникеттер және идентификациялық карточкалар енгізілуде.
Түркістан қаласы «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша республика аумағында 2024 жылы 74,6 пайызбен 12-ші орынға тұрақтаған. Аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Түркістан қаласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
– Заман, технология дамып жатыр. Жасанды интеллект пен соңғы технологиялық жаңалықтардың игілігін пайдаланып, аймақты дамыту жұмыстарына жаңа жобаларды енгізу керек. Электр үнемдейтін, күннен қуат алатын бастамаларды көбейту керек. Түркістан қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған Жол картасына қажетті толықтыруларды енгізіп, шұғыл түрде бекітіңіздер. Іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Аудан, қалаларда өңірлік инфрақұрылым объектілерін жобалау кезінде «Ақылды қала» жобасының негізгі критерийлерін ескеріп, облыстағы цифрландыру саласына жауапты басқармамен келісуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тураби Ертай мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Бүгінгі таңда жауапты министрліктің бекітуімен «Ақылды қала» бастамасы 19 негізгі бағыттан тұрса, Түркістан қаласы бойынша оның 11-і іске асырылған. Қалған 8-ін жүзеге асыру бойынша қалада «ақылды аялдамалар» салу, «ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (оның ішінде электр энергиясы, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде) «ақылды есептегіштермен» қамту, қала тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай есеп айырысу орталығын құру, облыстық ахуалдық орталығын құру, қала ішінде контейнерлік алаңдарды цифрландыру, қала үшін бірыңғай мобильді қосымша әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласында «Ақылды қала» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірлеген.
Түркістан қаласында қоғамдық тәріп және жол қауіпсіздігін сақтау бағытында бейнекамералар орнатылған. Қоғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілген. «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде. Қаладағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылған. Облыс орталығында 17 «SOS» батырмасы орнатылған. Барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылып, жұмыс істеп тұр. 845 шақырымды құрайтын 800-ден астам көшенің 92 пайызына жарықшамдар орнатылған. «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.











