ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

0
49
Осыған дейін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысына қарасты елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы әзірленген болатын. Осы ретте облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ықпалымен өңірде интернет сапасын жақсарту және интернет базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыста «Транстелеком» АҚ тарапынан алдағы жылдары 12 аудан бойынша 18577 электр бағанасын орнату, 170 АЕМ-ге оптика тарту көзделген. Ал «Қазақтелеком» АҚ тарапынан 7 аудан бойынша 7221 электр бағанасын орнату, 25 базалық станция орнату, 11 АЕМ-ге оптика тарту жоспарлануда. Түркістан облысы аумағында жалпы 807 елді мекен бар. Бүгінде 739 АЕМ мобильді интернет желісімен қамтылған. Қалған 68 ауылдық елді мекенде интернет байланысымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы тұста Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады. Кездесуде облыстағы ауылдарға интернет жүйелерін тарту, байланыс сапасын жақсарту және өзге де пилоттық жобалар талқыланды. Өңір басшысы Түркістанға арнайы келіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырғалы жатқан «Қазақтелеком» АҚ-ның басшысына алғысын айтып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Киелі Түркістан қаласына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы «Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы кезінде адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – интернетке қол жетімділігі» деп айтқан болатын. Өңірімізде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде 740 елді мекен мобильді интернет желісімен қамтылған. Облыс аумағында 801 ауылдық елді мекеннің 429 ауылдық елді мекені оптика желісімен қамтылған. Қалған 372 ауылдық елді мекенде оптика жүргізілмеген. Осы елді мекендерді оптика желісімен қамту үшін қаржы қарастырып отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Бұл – біздің өңірімізге салынып жатқан үлкен инвестиция. Нәтижесінде тұрғындарымыз сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Ауылдық елді мекендерді сапалы байланыспен қамту үшін, біз, өз тарапымыздан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал жасаймыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Бағдат Мусин Түркістан облысы айрықша назарда тұрғанын айтты. Халық саны мен елді мекендерінің көптігіне байланысты интернетпен қамту жұмысы күшейтілетінін жеткізді. Атап айтқанда 372 ауылдық елді мекеннің телекоммуникация жүйесі мен интернет сапасын жақсартуға «Қазақтелеком» АҚ 14, 7 млрд. теңге инвестиция салатынын айтты. Облыс әкімдігі тарапынан осы жобаларды сапалы әрі жылдам орындауға қолдау көрсетуді сұрап, ол ұсыныс шешімін тапты. Кездесу соңында Нұралхан Көшеров пен Бағдат Мусин жоғарыда аталған бастаманы жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.
Түркістан, 2025 жылы — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған Digital Transformation Conference 2025 жиынында Түркістан облысы Қазақстан өңірлері арасында «Жылдың цифрлық трансформациясы» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат аймақтың цифрландыру саласындағы жүйелі және кең ауқымды жұмыстарын айқын көрсетеді. Облыс аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ы (92,2 %) мобильді 4G/3G желісімен қамтамасыз етілді. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G желісімен қамтылып, 39 елді мекенде байланыс жоқ. Тағы да 14 базалық станция орнатылып, ұлттық жобалар аясында талшықты-оптикалық интернет желісі енгізілуде Түркістан, Сарыағаш және Жетісай қалаларында алғаш рет 5G технологиясы іске қосылды 30-ға жуық цифрлық жоба (білім, коммуналдық сектор, ауыл әкімдіктері) жүзеге асырылды; олардың ішінде 177 ауыл округінде электронды құжат айналымы енгізілдіМемлекеттік–жекешелік әріптестік арқылы 420 мектеп пен 38 интернаттың асханасына 210 ақпараттық бағдарламалық кешен (АБК) орнатылып, «Әлеуметтік/Бизнес әмиян» жобаларымен интеграцияланған. Қалған 248 мекемеге 2025 жылдың басында АБК орнатылып, ЖМЖ жүйесіне қосылады 264 мемлекеттік балабақшада балалардың келуін бақылау үшін «Сана» жүйесі енгізілуде. 2025 жылдан бастап 1 119 жекеменшік балабақшаға, сондай-ақ 43 колледжге Face ID жүйесі орнатылады. Түркістан қаласындағы қоғамдық автобустарда жол ақысын төлеу мен қозғалысты бақылау үшін QR‑код пен GPS‑трекер жүйелері енгізілді. Бұл бағыттар 594 қоғамдық көлік құралына таралды және диспетчерлік орталық құрылғанТКШ (тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық) саласында «SmartCity» тұжырымдамасы шеңберінде 10 үй E‑SHANYRAQ жүйесіне қосылды. Бұл платформадан тұрғындар пәтер шығындарын, есеп айырысуларды көре алады және өтініштер жібере алады. Энергетика секторында 17 854 жеке электр есептегіш және 291 жалпыүйлiк жылыту есептегіші орнатылып, олардың деректері E‑SHANYRAQ жүйесінде өңделуде Аймақта алғаш рет жасанды интеллект мектебі, IT Park, және Woosong IT университетінің филиалы ашылды. Қытай және Оңтүстік Кореяның жетекші IT-компанияларымен ынтымақтастық орнатылды Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 812 бейнебақылау камерасы және «SOS» жедел жәрдем батырмалары орнатылды. Жобаны әрі қарай 200 камера мен 50 аппараттық-бағдарламалық кешен толықтырады Түркістан қаласында туристік және қоғамдық нысандар (Rixos қонақүйі, Керуен сарайы, әуежай, стадион, кітапхана) 5G желісі бар бірінші аймақ ретінде аталды

Leave a reply