Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет нысандарын көбейту және халықтың мәдени демалысқа қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде ауданда 8 мәдениет үйі мен 11 клуб тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Былтыр аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі елді мекенінде 75 орындық жаңа мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Жүзімдік ауылдық округінде жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Алпамыс батыр, Біртілек және Ұшқын ауылдық округтерінде мәдениет үйлерін салу бағытында дайындық жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, 4 елді мекенде жаңа мәдени нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асқанда, ауыл тұрғындарының мәдени өмірі жаңа деңгейге көтерілмек.
Одан бөлек, биыл Абай ауылында аудандық мұражай салу жоспарланған. Аталған жоба үшін арнайы жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бақылауда болады.
Келес ауданы өзінің қайта құрылуынан кейін бес жыл ішінде айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік трансформацияны бастан өткеріп, ауылдық елді мекендер мен инфрақұртхрамдық орталықтарды жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. 2023–2024 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы 12 елді мекенге 22 жоба, 2024 жылы 18 елді мекенге 25 жоба қарастырылып, мәдениет үйлері мен мектеп корпустары, электр жүйесі қамтылды; Жамбыл және Қошқар ата елді мекендерінде мәдениет үйлері пайдалануға берілді; Ақтөбе мен Ынтымақ елді мекендерінде 300 орындық 2 жаңа мектеп салындыАудандық аурухана және мәдени нысандар жөндеуден өткізілуде; мердігерлерге қойылған талаптарды орындау белсенді бақылауда Ақтөбе ауылдық округіндегі 300 гектар аумақта «Келес» индустриалды аймағы құрылысы басталды. Онда жиһаз және шұлық өндіру цехтары орналасқан. Жалпы өндірістік парк үшін 39 ғимарат жоспарланған; бірінші кезең — 10 ғимарат, екінші — 12, үшінші — 17 ғимарат құрылыс жұмыстары басталдыИнвестициялық жобалар саны артқан сайын жұмыс орындары көбейді және инфрақұрылымдық дамуға оң әсер етіп келеді. Жалпы Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмаға сәйкес, өңірде мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр.
Түркістан қаласында мәдениет саласын дамыту және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау барысында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта 500 орынға арналған көрермен залы бар заманауи мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Шаһар басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтап, қауіпсіздік пен техникалық талаптар бойынша кемшіліктерді түзетуді тапсырды.Сонымен қатар облыс көлемінде түрлі мәдени шаралар да қалыс қалмаған. Мәселен
Түркістанда халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған өнер додасына әлемнің 17 елінен келген дарынды әншілер қатысып, қазақ ән өнерінің таңдаулы туындыларын шырқады. Байқау қорытындысы бойынша Италия елінен келген талантты әнші Vincenzo Cantiello фестивальдің бас жүлдесіне ие болды.
Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Башқұртстан, Түркия, Тыва, Тунис, Португалия, Румыния, Куба, Италия, Оңтүстік Африка, Сан Марино, Эквадор, Индонезия, Болгария сияқты алыс-жақын шет елдерден келген өнерпаздар қатысты. Олар Ақан сері, Шәмші Қалдаяқов, Кеңес Дүйсекеев, Нұрғиса Тілендиев сынды қазақ композиторларының туындыларын орындап, қазақтың бай музыкалық мұрасын жаһан жұртшылығына паш етті.
Қазылар алқасының құрамында еліміздің белгілі өнер майталмандары мен композиторлар, эстрада жұлдыздары болды. Атап айтқанда, қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАрт» ансамблінің солисі Сәкен Майғазиев, сондай-ақ Маржан Арапбаева, Мөлдір Әуелбекова, Бағлан Омаров, Мархаба Сәби, Әли Оқапов, Мейіржан Алиакбаров қатысушылардың өнерін бағалады.
Фестивальдің шешуші кезеңінде әрбір әнші қазақ әндерін өз стилінде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш барысында Мөлдір Әуелбекова мен Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев өнер көрсетті. «Voice of Turan – 2025» фестивалі Түркістан аспанын әуезді әнге бөлеп қана қоймай, қазақ әнінің құдіретін әлемге тағы бір мәрте танытты. Бұл – өнердің, мәдениет пен руханияттың ұлт пен шекара таңдамайтынын дәлелдеген тағылымды шара.
Еліміздің мәдени беделін әлемге танытуға бағытталған маңызды жобаны облыстың жеті жылдығына орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған.