ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА 64 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Биыл Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру бойынша 64 жобаға тиісті қаржы қаралды. Осы жылы 34 елді мекендегі 38 жобаның құрылысы аяқталады. Ал 16 елді мекендегі 26 жоба келесі жылға өтпелі. Жалпы облыс елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкс, 2027 жылы газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жоспар толық орындалмақ. Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, газбен қамту жұмысы қарқынды. Өңір тұрғындарының назарына облыс халқын газбен қамту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша мәлімет ұсынамыз. Жалпы Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» облыс әкімдігімен бекітілді.
Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекенді (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Жалпы, елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда және жүйелі түрде ары қарай жалғасатын болады. Тұрақты жұмыс нәтижесінде биыл Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 %-ға жетеді деп күтіліп отыр. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекенді (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етуге қол жеткізілмек. Елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда және жүйелі түрде ары қарай жалғасады. Өткен жылы облыста 2 газ тарату станциясы пайдалануға берілді. Биыл дәл осындай газ тарату станциялары Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында ел игілігіне пайдалануға берілді. Ал, жыл соңына дейін тағы да 3 газ тарату станциясын іске қосу жоспарланған.
Өңір басшысы газдандыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқан аудан, қала әкімдерін сынға алып, бірқатар міндет жүктеді.
– Ең басты мақсат – біздің жеткізген табиғи газды халықтың пайдалануы. Аудан, қала әкімдері тиісті мекемелермен бірлесіп, нақты жұмыстарды жүргізу қажет. Газ құбыры жүргізілген елді мекендерде тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын ұйымдастырыңыздар. Атқарылған жұмыстар бойынша күнделікті мәлімет ұсынып отыруды тапсырамын. Елді мекендерді 100% табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға бекітілген көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді, аудан, қалалардағы газ нысандарына қатысты анықтаған кемшіліктерді шұғыл түрде ретке келтіруді тапсырамын, – деген Нұралхан Оралбайұлы кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.
Жиында өңір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету туралы Облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев есеп берді. Оның мәліметінше, облыс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысымен республика халқының орташа газбен жабдықталу көрсеткіші 62,4% құрады. Оның ішінде, Түркістан облысында 85,5% халық немесе 563 елді мекен (69,7%) табиғи газбен қамтылып, өңірлер арасында 8 орында тұр. Өткен жылы облыс аумағында 115 нысанның құрылысы іске асырылды. Соның ішінде, 70 нысанның құрылысы аяқталып, 45 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі болды.
Бүгінде Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Сауран, Ордабасы аудандарында табиғи газбен қамту деңгейі төмен. Ал, Созақ ауданы мүлдем газдалмаған. Қазіргі уақытта Созақ аудандағы АГТС мен елді мекендегі нысан құрылысы толығымен аяқталып, қосылу нүктесі Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы «Еврохим-Қаратау» нысаны болғандықтан, жоба құрылысының аяқталуы күтілуде.
Сонымен қатар Түркістан қаласында жаңа өндіріс орындарының ашылуына байланысты тауарлық газға сұраныс артуда. Қолданыстағы қуаттылығы 100,0 мың м3/сағ құрайтын №15 «Түркістан» АГТС-і жүктемелік режимде жұмыс істеуде. Осы орайда, қаланың табиғи газ қуаттылығын арттыру мақсатында қосымша АГТС орнатуымен айналма газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазіргі таңда жобаның газ құбыры трассасының топотүсірілім жұмыстары жүргізіліп, мүдделі органдармен келісілуде.
Аталған бағытта Түркістан облысына қарасты шалғай елді мекендерге табиғи газ беру жұмыстары жүйелі жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға қарасты Жылға ауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекені табиғи газға қосылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықты қуанышты сәтпен құттықтап, шалғай ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылығын білдірді. Аталған елді мекендегі тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу үшін бюджеттен қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, газ құбырлары тартылды. Бүгінде елді мекендегі 300-ден астам отбасы және әлеуметтік нысандар «көгілдір отынмен» қамтылды.
Жиын барысында жоспарлау, жоба әзірлеу бағытындағы кемшіліктер айтылып, тиімсіз жобалар ортаға салынды. Газдандыру нысандарын коммуналдық меншіктен «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ теңгеріміне өткізу мәселесі талқыланып, шешу жолдары қаралды. Өткен жылдың қорытындысымен республика халқының орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4% құраған. Оның ішінде, Түркістан облысы халқының 85,5% немесе 563 елді мекеннің 69,7%-ы табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға жайғасқан. Өткен жылы бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлініп, 115 нысан құрылысы іске асырылды. Оның ішінде, 70 нысан құрылысы аяқталса, 45-і 2025 жылға өтпелі. Биылғы жоспарға сәйкес, 64 нысанға 9,7 млрд теңге қаралып, 34 елді мекендегі 38 нысан құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, 2026 жылға өтпелі 26 нысанға 23,5 млрд теңге қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Энергетика министрлігі арқылы «Самұрық-Қазына» қоры есебінен облысқа 9,4 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл қорытындысымен 45 елді мекендегі, яғни 84 мың халық табиғи газға қосылады. Нәтижесінде 89,4% облыс тұрғыны табиғи көгілдір отынмен қамтылмақ. Сонымен қатар құны 25,7 млрд теңгені құрайтын 45 нысан республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына ұсынылған.













