Аз пайызбен несиелендіру екі есеге артты

0
142

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, бұл тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал, мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6  айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Осылайша былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құрайтын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

Leave a reply