ТҮРКІСТАН: АУДАН, ҚАЛАЛАРДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
48

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарына барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. Аппарат басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді. Іссапар барысында Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын бақылады. Ауданда жоба аясында биыл 900 орындық және 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысандарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Ондағы құрылыс жұмыстарымен қаныққан аппарат басшысы құрылысты қарқындатуды тапсырды.

Одан соң аппарат басшысы аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан 3 қабатты 2 тұрғын үйдің кешенімен танысты. Қазір онда 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан Жаңа буынды дамыту орталығының құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Апарат басшысы оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды белгіленген кестеге сай әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда үш қабатты оңалту орталығының ғимаратына ішкі әрлеу, жедел сату орнату,сыртқы абттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Келесі кезекте Қазығұрт ауданына барды. Алдымен Қазығұрт елді мекенінде салынып жатқан арендалық 2 қабатты 6 үйдің құрылысымен танысты. Биыл наурыз айында басталған нысанның жалпы құны – 1 247,2 млн. теңге. Биылғы жылдың соңына дейін ел игілігіне беру көзделуде. Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ елді мекенінде Ашық және жабық спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан спорт кешенінің жалпы құны – 550 млн. теңге. Аудан әкімі Азизхан Исмайлов спорт кешенінің жобасымен таныстырып, бағытта атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Аудандағы нысандарды аралап көрген Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапасына басты назар аударуға тапсырма берді.

Төлеби ауданындағы нысандар да зерделенді. Ең бірінші «Қарақуыс» су қоймасының жай-күйімен танысты. Төлеби ауданы аграрлы аймақ болғандықтан, каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органның назарында. Осы мақсатта Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Су айдынының сыйымдылығы – 1040 мың шекше метр, жалпы аумағы 13 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде. Еркебұлан Дауылбаев су қоймасының құрылысына қатысты мердігер мекеме, техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына жолығып, ауқымды жобаның сапалы және мерзімімен жүзеге асуын тапсырды.

Ауданға қарасты Киелітас елдімекенінде Мәдениет үйі салынып жатыр. Одан бөлек Достық, Ынтымақ, Қосағаш елдімекендерінде 900 орындық және 300 орындық жайлы мектеп пен 150 оқу орындық жалпы орта мектеп бой көтеруде. Биыл оқу жылына орай 3 мектеп пайдалануға берілмек. Одан бөлек, Ленгір қаласында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Көксәйек елдімекенінде спорт кешені мен «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық білім ұясы салынуда.

Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырған басшыларға тиісті сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды. Талқыланған жобалардың бірқатарына тоқталсақ, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндіретін зауытын салу инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. 120 адам жұмыспен қамтылады. Ал Ордабасы ауданында майлы және желатинді компоненттерді алу үшін ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу зауыты салынады. Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге еденге арналған жабын материалдарын шығару зауытының құрылысы, бір реттік ыдыс шығаратын зауыттың құрылысы, кептірілген жемістерді өндіретін зауыт пен өзге де жобалардың жай-күйі қаралды.

Биылдың өзінде 322 млрд теңгеге 57 жоба жүзеге асып, 6908 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Индустриялық аймақтар мен шағын өндірістік парктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге әзір. Ордабасы ауданы, «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС-нің базасында «Стекло Rez» ЖШС-нің шыны өңдеу және шыныны жоғары температурада шынықтыру жобасы жүзеге асты. Жобаның қуаттылығына келсек, айына 20 000 шаршы метр шыны өндіруге қауқарлы. Жалпы инвестициялық құны – 710 млн теңге. Жаңа өндіріс аймағында 2 ауысымда 10 адам жұмыспен қамтылады.

Бұл – Ордабасы ауданы үшін маңызды әрі инновациялық жобалардың бірі. Өнімнің жаңа түрін шығаруға бағытталған бұл өндіріс цехы Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. Шикізат Ресей, Түрікменстан мемлекеттері мен Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС табақ шыны зауытынан әкелінеді. Өнімдер жоғары температурада шынықтыру арқылы алынған шыны автокөліктерге, техникаларға, заманауи архитектуралық нысандардың фасадтық терезелері мен әртүрлі мақсаттағы дайын өнім түрлеріне қолданылады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 540 млрд. теңгеге жетті. Өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 48,2% үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 585,4 млрд. теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 24 957 млн. теңгені құрайтын және 528 жұмыс орны ашылған 13 инвестициялық жоба іске асырылды.

 

Leave a reply