ТҮРКІСТАН: ЖЕМІСТІ ЗЕРТТЕУ МЕДИЦИНАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ — 2
– Гранттық жобаларды ұтып алып, отандық ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген ғалымдар туралы айтып өтсеңіз?
– ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға жарияланған 7 конкурсқа жалпы 84 ғылыми жоба ұсынылып, 18 ғылыми жоба қаржыландырылды. Алдағы конкурстарға Факультет пен ҒЗИ-лардың ұсынысы бойынша 25 ғылыми жоба ұсынылып, қазіргі таңда сараптамадан өтуде.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша университетте 17 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 173,5 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша университетте 1 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 43,8 млн. теңге) жоба бойынша ғылыми жұмыстар орындалды.
ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ 2018-2021 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру конкурсы бойынша 2 (жалпы қаржы: 2021 жылға – 187,9 млн. теңге) жоба бойынша жұмыстар жүргізілді.
2021 ж. қаражат 993 841 464 ₸ – университет бюджетінен (7 347,7 млрд ₸) – 13,5% құрайды.
2020 ж. қаражат 642 774 635 – университет бюджетінен (6 632,2 млрд ₸) – 10,7% құрайды.
– Жас ғалымдардың қадамдары, болашақ ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми әлеуетті көтеру тұрғысында әңгіме қозғасақ…
– Жастар – біздің болашағымыз. Ақпараттық технологиялар қарыштаған ХХІ ғасырда жас маманның алған білімін ғылыммен ұштастырылуы да күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жас ғалымдарды жаңа бағыттарға баулу да назардан тыс қалмаған.
Бұл ретте, 2022 жылғы ақпанда университеміз бен Young Researchers Alliance кеңесімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
2021-2022 оқу жылында өткен Студенттердің XХХ ғылыми-теориялық конференция бағдарламасына сәйкес, 32 секцияда 1039 студент баяндама жасады. Конференцияның нәтижелері ғылыми бағыттары бойынша 181 ғылыми жұмысты ҚР БжҒМ Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу конкурсына жіберу жоспарланды. Сондай-ақ ғылыммен айналысуға ынтасы бар және осы конференцияда жүлделі орындарды иеленген жастардың еңбектерін «Жас ғалым» атты ғылыми жинаққа жариялау жыл сайынғы дәстүрге айналған.
Осы орайда, 3 білімгеріміз 2021 жылғы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының студенттік шәкіртақы иегері атанса, 12 білімгер ҚР БжҒМ Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жеңімпазы болды. Ал, 19 студентіміз Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанды.
Сондай-ақ, университет жас ғалымдарына ғылыммен айналысуға барынша мүмкіндік жасау мақсатында үстіміздегі жылғы наурыз айында университеттің «Постдокторантура бағдарламасының» Ережесі Сенат мәжілісімен бекітіліп, 2022-2023 оқу жылында алғашқы подстдокторантура бағдарламасына қабылдау жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, университеттің ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамыту, жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдарды университетке тарту, кадрлық әлеуетті сақтау және оны жетілдіру, жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамыту, университет ғалымдарының педагогикалық қызметін ынталандыру және оңтайландыру мақсатында «Профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор (доцент) – зерттеуші» ережелері әзірленіп, Сенат мәжілісінің шешімімен қабылданды. Аталған жобаны да 2022-2023 оқу жылында іске қосу жоспарлануда. Университетімізде бірнеше жылдан бері коммерцияландыру офисі жұмыс істейді. Бұл бағытта біршама оң тәжірибелер жалғасын тауып келеді. Осы коммерцияландыру гранты негізінде Экология ҒЗИ қызметкері, техн.ғ.д., профессор Г.Саинова «Қызыл калифорниялық құрттардың дәрумендірілген биомасса және гранула түріндегі ақуызды азықтық вермиқоспаларын өндіру», Жаратылыстану факультеті биология кафедрасының доцент м.а., PhD Н.Салыбекова «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бағының базасында Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайында отырғызуға арналған сәндік дақылдардың бейімделгіш және стреске төзімді көгалдандыру материалдарын жеделдете өсіру» тақырыбындағы ғылыми жобаларын ойдағыдай сәтті аяқтады.
Осы офистің шеңберінде ғалымдарымыз әрекет етуші интеллектуальдық меншік бойынша 29 республикалық патент, 121 авторлық құқық берілді. Университет тарапынан 2015-2021 жылдар аралығында шетелдік жоғары оқу орындарымен 146, Қазақстан Республикасы ҒЗИ және басқа да мекемелермен 26 Меморандумға қол қойылып, келісім-шарттар түзілді.











