ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ

0
26

 

Азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — бүгінгі таңдағы көпшілікті толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі.  Адамдар денсаулығын сақтауда маңызды орын алатын бұл саланың жұмысы,  мақсаты, бағыт- бағдары туралы кеңірек мағлұмат алу мақсатымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиал директоры Қыдырбаев Нұрлан Икрамұлына жолығып, сұхбаттасқан едік.

— Нұрлан Икрамұлы,  ең алдымен,  қоғамдағы маңызы зор , басты құндылығымыз- адамдар денсаулығын сақтаудағы істеріңізге табыс тілеймін. Біздің бүгінгі мақсатымыз да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жұртшылыққа шынайы ақпарат беру.. Жасыратыны жоқ,  медициналық сақтандыру мәселесінің төңірегінде пікірталас әңгімелер де айтылып қалып жүр.Сондықтан да, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының  бүгінгі таңдағы мақсат- міндеті туралы таратып айтып берсеңіз?

— Өте дұрыс айтасыз. Қай салада болсын, халыққа шынайы ақпарат берудің маңызы зор.  Негізі, кез- келген нәрсе уақыт талабынан туындайды. Әр заманның, әр дәуірдің  өзінің заңдылығы бар. Сондықтан ,медицина саласындағы өзгерістер де  уақыт талабынан туындап отыр.

Айталық, Кеңес Одағы кезінде жоспарлы экономика болса, тәуелсіздік алғаннан кейін  нарықтық экономикаға көштік. Кез- келген салада  бәсекелестік  пайда болды.Сондықтан да,  бәсекелестік өршіп тұрған кезеңде  халықтың медицинаға деген қол жетімділігін арттырудың орны бөлек.. Бұл- бір. Екінші мақсатымыз, денсаулығын түзетуге  халықтың   өз қаржысын жаратуды азайту .Біздің Ата Заңымыздың 29- бабында ; :»Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік медициналық кепілденген көлемнің шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы.»- делінген. Сонда  «Ата Заңда осылай  жазылса, мен оны неге  алмаймын?*-  деген ой келуі мүмкін. Науқас кез- келген жерге барып емделуге құқылы. Бірақ әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің  тізіміне  енетін қызметтердің түрлері бекітілген.. Бірақ, кей тұрғындар ақылы көмекке жүгінуді дұрыс көреді. Мысалы, өзіңіздің тұрғылықты жердегі емханаңызға барасыз. Онда кезекте кісі көп.» Оған кірмеймін. Ақылыға кірем»‘ — десе, ол әркімнің өз еркі.  Екінші,  Түркістан қаласында, немесе Түркістан аумағында  жоқ қандай да бір  медициналық көмек  үшін Алматы, Астанаға барады.Оның жолы бар, тұрғаны бар, жеген — ішкені бар, бәрі  жеке адамның қалтасынан шығатын қаржы. Міне, соны қалай  азайтуға болады?  Оның қандай жолдары бар?  Түркістан қаласында  да мұндай медициналық ұйымдар жеткілікті. Бірақ , енді саннан сапаға өту керек.Сапа болу үшін дәрігерлердің біліктілігі, емханада, ауруханада қойылған қондырғылар, зертханалардың деңгейі, науқастарға  жан- жақты жағдай жасағанда ғана сапалы қызметке қол жеткіземіз.   Әлеуметтік медициналық қордың негізгі мақсаты- сырқаттардың құқығын қорғау. Сонда ол қалай   жүзеге асырылады? Мысалы, Түркістан облысында екі миллион халық тұрады.. Дәлірек айтқанда, 2 млннан астам халық бар.. Әр жылы осы халыққа  есептеліп,мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Мысалы, сол екі миллионның ішінде белгілі бір бөлігі он сегізге толмаған.Біразы алпыс бес жастан асқан.Оның ішінде әйел кісі, ер кісі қанша? Оның ішінде созылмалы аурулармен тұратын жеткіншектер.Ересек адамдардың арасында диспансерлік есепте бір немесе бірнеше аурумен тұратындар бар.Оларға сол жерде берілетін тегін дәрісі мен емі бар. Соның барлығы зерттеліп,, есептеліп барып қаржы бөлінедіБірақ ол қаржы  топ» етіп бірден түсе   салмайды. Оны бүге- шігесіне дейін зерттеп, санайды. Мәселен,2021,2022, 2023- жылдары орта есеппен қанша кісі , қандай аурулармен ауырды? Қанша адам қант диабетімен ауырды? Қанша адам қан қысымына байланысты емделді? Қанша төсек- орын керек? Қанша дәрі керек? Осының бәрі экономистер мен есепшілердің сүзгісінен өткеннен кейін барып, қаржының мөлшері белгіленіп, бөлінеді.Содан кейін әрбір жасалған медициналық көмектің өзінің құны бар.Нарықтық экономиканың кезінде олай болуы заңды да. Қарапайым мысал. Үйдегі пайдаланған газға қыста. күн суытқан  кезде көбірек қаржы кетеді де, жазда аз  жұмсаймыз.Қолдануы, шығыны қыс маусымында артады.Бір кубометр газдың өз бағасы бар. Көктемде бір баға болса, күзде басқа баға.Сол сияқты барлық шығындар есептеліп, медициналық көмектің құны шығарыладцы. Айталық, сіз учаскелік дәрігеріңізге барып жағдайыңызды айтып, қан қысымыңызды, бойыңызды, салмағыңызды өлшетесіз. Міне, осының бәрі.,дәрігердің 20-25 минут қарағаны орта есеппен 1800- теңге.Сол қаржыға дәрігердің, мейірбикенің , еден жуушы мен күзетшінің жалақысы, сабын , ұнтақ сияқты санитарлық тазалық заттары, электр қуаты, т. б. шығындар есептеліп, тариф бекітіледі.  Бірақ, жоғарыда айтып өткен кепілдендірілген көмектің ішінде Жедел жәрдем», созылмалы және қоғамдық ортаға зиян келтіретін  жұқпалы аурулар, әлеуметтік маңызы бар  осы аурулардың барлығы    Қазақстан Республикасында тұратын  осындай азаматтарға мемлнкет өз тарапынан толыққанды қаржы бөліп отырады.Одан бөлек, скрининг, бағасы жоғары  күрделі оталарға да қаржы бөлінеді. Бұрын үлкен қалаларда жасалатын тізе- жамбас буын  оталары, импланттар, кардиостимулятор орнату сияқты жоғары технологиялы операциялар Түркістан қаласында да жасалып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістан ауруханасында осындай ота жасалады десе, сенер ме едік? Бірақ  бұл жаңалық бізге келді. Демек, бұл  Түркістан халқына, Түркістан облысы аумағында тұратын халыққа жоғары медициналық көмек өзі жақындап келе жатыр деген сөз.

 

Leave a reply