ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ — 2

0
33

 

-Нұрлан Икрамұлы, демек, біз мүндай жоғары медициналық көмекке қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінде болуымыз керек қой?

«Жедел жәрдем» қызметі,  қант диабеті, туберкулёз ,қан қысымы, онкология аурулары ,құлап — оқыстан жарақат алса немесе тамақтан уланса, бұл аурулардың мәртебесінің сақтандырылған- сақтандырылмағанға қатысы жоқ. Бұл аурулардың бәріне бірдей көмек көрсетіледі.Ал, жаңағы скрининг, тексеру, жоғары мамандандырылған көмек алу , тәулік бойы стационарға жату үшін белгілі бір адамның сақтандырылған мәртебесі болу керек. Енді сақтандырылу мәртебесі туралы аз- кем түсіндіріп өтейін.

Мысалы, бүгінгі таңда Түркістан облысында екі миллион астам халық тұратын болса, соның 400 мыңға жуығы сақтандырылмаған. Бұл- халықтың 21- пайызы. Енді сақтандырылған 1,6 млннан астам  адамды сараптап көрейік. Осы адамдардың 1,4 млнға жуығы  он бес санатқа кіретін категорияға кіреді.Бұл он бес санатқа кіретін азаматтарға мемлекет өзі  қаржы бөліп, соның есебінен сақтандырылып тұрады.Бұл он бес санатқа он сегізге толмаған жасөспірім балалар, аяғы ауыр аналар, туа бітті мүгедек балаларға қарап отырған кісілер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, жұмыссыздықпен тіркелген адамдар,»Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері,   жұмыссыздықпен тіркелген оралман қандастарымыз , зейнеткерлер ,түзету орындарында  жазасын өтеп жатқандар  бар, осылардың барлығы бір миллион төрт жүз кісі. Оларға мемлекет төлеп отыр. Енді бұл санатқа кірмейтін екі жүз мың адамның құрамына кімдер жатады? Ол- дәрігерлер, мұғалімдер сияқты бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысынан немесе жұмыс беруші ұйымның есебінен медициналық сақтандыру қорына ақша аударылып отырады.Жаңа айтып өткен, сақтандырылмағандарды  зерделеп қарап шықтық. Бейнесі кімдер ол кісілердің? Зерделеп көрсек, бұл санатқа негізінен, өзіне- өзі жұмыс істейтін  такси жүргізушілері, шаруа қожалықтарындағы  диқандар, маусымдық жұмыстағыларды жатқызуға болады. Әсіресе, маусымдық жұмыстағылар еш жерде тіркелмейді. Ауыз екі келісіп, жұмыс істей береді. Әлгі айтқан  екі жүз мың халықтың  есебіне осы санаттағы адамдар  да кіреді.  Олар ешқандай жарна төлеп жатқан жоқ. Сақтандырылмаған.Тағы бір айта кетейін дегенім, Қ Р Премьер-Министрінің  орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсенованың басқаруымен  осы сақтандырылмаған кісілерге сақтандыру мәртебесін беру туралы республикалық штаб құрылған болатын.Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде осыған орай «А,В,С, Д,Е «- деген сияқты  осы топтағы адамдар түрлі категорияға бөлінген. «А»- өзіне- өзі қолжетімді айлығы бар кісілер.»Е»- категориясы жұмыссыз болып, ешқандай мүмкіндігі жоқ, ешқайда тіркелмеген, табыс көзі де жоқ адамдар. Сондай тұрғындар саны облысымызда жиырма бір мыңнан асып тұр.Олар әр емханада тіркелген. Солардың бәрін сараптап, әрқайсысына жеке- жеке қоңырау соғып, анықтадық   Осындай мақсатты жұмыстың нәтижесінде 19000- тұрғынды айғақтап білдік. Осы он тоғыз мың кісіні жұмыспен қамту   жөнінде  Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен облыстық штаб құрылып, сараптап, бөліп жатырмыз.Әрқайсысының жағдайына қарай көмек көрсететін боламыз. Жұмыспен қамтуға , қысқа курстарда оқытуға байланысты, денсаулығының жағдайына қарай түрлі шаралар қарастырылуда. Кейбір  емханаға бармай, мүгедектігін ала- алмай жүрген адамдар бар. Шетелге кеткен, бірақ   Түркістандағы,осы аумақтағы  ата-анасының немесе өзінің үйінде тіркеуде тұрған адамдар бар. Біз осындай 1200- адамды анықтадық. Сонымен, біз қазір тек азаматтарды сақтандыру ғана емес, тіркеу, жұмыспен қамту мәселелерімен де айналысып жатырмыз.

Сонда сіздің ұйымды қандай меншік түріне жатқызамыз?

— Бұл біздің ұйымымыз коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Негізі, денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты ұйым болып саналады. Әрбір облыста бір- бір филиалдан бар. Біздің облыста адам санына, медициналық ұйымдар санына есептеп, бізде 54 қызметкер бар. Оның жартысы дәрігерлер сараптамамен айналысатын. Қалғаны бухгалтер- экономистер, заңгерлер, сосын халықпен жұмыс жүргізетін,  Лаура ханым бастап отырған бөлім  түсіндіру жұмысын жүргізіп, арыз- шағымдар мәселесімен айналысады. Мұнан бөлек, медициналық көрсетілген көмек сапасын тексеру, медициналық ұйымдарға бөлінген қаржыны жоспарлау, сату және сатып алу бөлімдері бар.Арыз- шағым түсіп тұрады. Өйткені біз халықпен кездескен кезде оларға біз айтамыз:» Өздеріңіздің барлық ұсыныстарыңыз, шағымдарыңыз, өтініштеріңіз болса, бізге беріңіздер. Біз- бірімізді дұрыс түсінуіміз керек қой. Сын түзелмей мін түзелмейді.Әрбір түскен шағымдардан біз медициналық ұйымдардың арасында рейтинг жүргіземіз. Екі бірдей медициналық ұйымда шағым көп.Мына ұйымда шағым жоқ деп.Бірінші ұйымда мысалы өзінің тұтынушыларымен жұмыс істейді.Бұл жерде әрбір медициналық ұйымдармен келісім- шарт бойынша, пациеттерді қорғау. Медициналық ұйымдарда пациентті қолдау қызметі құрылған. Олар бір емхана немесе ауруханаға барған болса, сол жерде шешілмей жатқан мәселе болса немесе дөрекі іс- әрекет болып қалса, яғни шағым тудыратын жағдай болса,»Пациентті қолдау орталығы» осы жерде, дәл қазір деген принциппен шешіп беру керек. Егнрде сол жерде шеше алмайтын болса, шағым- арыз бізге түседі. Біз тексеру жұмыстарын жүргізеді. Тексеру жұмыстарыные негізінде біз сол ұйымдарға экономикалық тұрғыдан іс- шара қолданып, айыппұл қойып отырамыз. Айыппұлдың өздеріне арналған бекітілген мөлшерде айыппұл салып, шара қолданамыз.Айыппұл олардың табыс көзі ғой. Ешқандай кемшілік болмаса табысы да мол., айлығы да көбейіп отырады. Бұл бәсекелестікті тудырып отырады денсаулық ұйымдарының арасында.

Leave a reply