ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ — 3
Иә. Бұл өте орынды.Өзіміздің денсаулығымыз өз қолымызда. Алла тағала » Сақтансаң- сақтаймын»- дейді.Мысалы, жыл басталып, қаржы бөлінгеннен кейін әрбір емдеу орнындағы мейірбикелер есепте тұрған тұрғындарға қоңырау шалып, профилактикалық тексеруден , скринингтен өтуге шақыра бастайды.
Демек, сіз халыққа медициналық сақтандырудан бас тартпаңыздар, керісінше,осы беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланыңыздар дегіңіз келеді ғой?
Демек, тұрғындардые алдын- ала тексеруден өтуіне ол ауруханаға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп қойған.Сол сіздердің денсаулықтарыңыз үшін бөлінген қаржы желге ұшпау үшін әрі әрбір аурудың алдын алу үшін мерзімді уақытында тексеруден өткен жөн. Әркім өз денсаулығына қарап, белгіленген тексеруден өтіп отырса, аурудың алдын алуға септігін тигізеді.
Содан кейін сіздің берілген ақшаңыз далада қалып кеткен жоқ. Ол есебінде тұр. Жалпы барлық адамның табыс көзі бірдей емес қой. Әлеуметтік мүмкіндігі бар кісілер мен табысы аз кісілер заңның алдында бірдейміз. Бірдей жауапкершіліктеміз. Сондықтан да құрметті Түркістан қаласының, аудандар мен облыстың тұрғындарына айтарым, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп, мүшесі болып, сақтандыру мәртебесін алу абзал.Ол біздің медицинаның дамуына мүмкіндік береді. Өйткені, қаржы көп болған соң, жаңа технологиялар , күрделі операциялар көп болады қаржы бөлген сайын.
Біз өз жұмысымызды жүйелеп жүргізіп отырамыз. Облыстың деңгейінде жоспарларымызды бекітіп, әр аудандарға шығып халықпен кездесу жұмыстарын жүргізіп отырамыз.Әр айда бірнеше ауданды аралаймыз.Сондай- ақ дәрігерлер қауымына да медициналық сақтандырудың қыр- сырын түсіндіреміз.Өйткені, жергілікті халық қажет ақпаратты сол жердегі емханадан немесе ауруханадан алады. Бұл- бірінші мәселе. Екінші мәселе , әрбір азамат өзінің сақтандырылу мәртебесін тексеріп көруіне болады.Ол үшін емханаға барып, қоңырау шалу шарт емес. Бар болғаны телефондағы «Каспий. банктің», «Халық банкінің», «Центркредит банктің» қосымшаларындағы»Мемлекеттік қызмет» бөлімінен «Сақтандыру мәртебесі» деп жазып ЖСН арқылы тексеруге болады. Жасыл түс шықса» сақтандырылған,» , қызыл түс шықса, емханаға барып себебін анықтай аласыз. Негізі»сақтандырылған» мәртебесі шығу үшін он екі ай толық төлену керек. Арасында бір ай төленбей қалса, онда қызыл түс шығып тұрады.Ал, одан басқа қандай да бір сұрақтар туындайтын болса, бізде қазір 1414- сияқты кері байланыс тетіктері бар. Осы жерден де өзіңіз туралы толық мәлімет ала аласыз.Өздеріңізге белгілі, қазір технология дамыған заман. Керекті мәліметтерді «фейсбук», «Инстаграмм» әлеуметтік желілерінен білуге болады.Одан бөлек , Қордың fms.kz ресми сайтына, «Е» өтініш арқылы сұрақ, тілектерді жолдауға болады.Біздің мамандарымыз сіздерді толғандырған мәселе бойынша кері байланысқа шығып, оның шешімі туралы хабардар етеді. Көмегін береді.Сондай- ақ, жаз айларында ұзақ мерзімді еңбек демалысқа шығатын мұғалімдер сияқты кәсіп иелерінің сақтандырылу мәселесінде туындаған іркілістердің шешімін табу мәселелері де білім басқармаларымен бірлесе отырып атқарған жұмыс нәтижесінде жолға қойылып келеді.Бұған дейін мұғалімдер демалысқа шыққан кезде жарна шілдеге түсіп, тамыз айында түспей қалуы себепті сақтандыру мәртебесінде үзілістер болып қалып жататын. Бүгінгі таңда ол заңмен белгіленіп, өзгерістер енгізіліп жатыр. Осыған орай, биылғы еңбек демалысының жалақысынан жазғы айлардың жарнасы автоматты түрде тең бөлініп түсіп отырады. Қыркүйек айында мектепке оралған кезде медициналық сақтандыру мәселесіне байланысты қиындық болмайды.
Әлеуметтік сақтандыру мәселесіне байланысты тағы бір жағдайды айта кетейін. Мысалы ,көлігіңізді, үйді сақтандыру- бұл жеке сақтандыру. Ал, біздің сақтандыруымыз , аты айтып тұрғандай, әлеуметтік сақтандыру. қоры Бұл үлкен ортақ қор .Жалпы, сақтандырылған азаматтардан түскен ақшаның жинақталатын ортақ қоры. «Мен қорға ақша беріп жатырмын. Сол ақшам қайда кетеді?»- деген сұрақтар қойылады бізге.Ол ақша азаматтың жеке шотында емес, Ұлттық банкте тұр. Егерде белгілі бір азамат ауырып,ота жасау керек болатын түрлі жағдай болып қалса, онда банк қор арқылы сол қаржыны бөледі.Ал енді , жарна мәселесіне келсек, бұл ең төменгі жалақы көлемінен белгіленеді. Бұл орайда да көпшіліктен жарна мөлшерінің өзгеруі туралы сауалдар жиі түседі.Ең төменгі жалақы бүгінгі таңда 85 000 теңге. Бұл көрсеткіш республикада әр жылы бірінші қаңтардан бастап өзгеріп , жаңарып отырады.Мәселен, жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Ал, жұмысшы МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.
Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- fms.kz ресми сайты
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
- 1414 байланыс орталығы
- Damumed мобильді қосымшасы
- Halyk мобильді қосымшасы
- BCC.KZ мобильді қосымшасы
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы
- egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.
Роза НАРЫМБЕТОВА.












