Шымкенттік азаматтардың өтініштері орындалды

0
75

Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда жергілікті деңгейдегі қоғамдық қабылдаулардың маңызы зор. «AMANAT» партиясының аудандық филиалдары осындай диалог алаңдарын тиімді пайдаланып, азаматтардың өтініш-тілектерін жедел шешуге атсалысуда.

Асар-2 шағынауданындағы тазалық мәселесі шешілді

Абай аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Асар-2 шағын ауданының тұрғындары Алтыншаған көшесі бойында қоқыс жиналып, тазалықтың нашарлап кеткенін айтып өтініш білдірді. Партия өкілдері мәселені назарға алып, Абай ауданы әкімдігіне ресми түрде хабарлады.

Қысқа уақыт ішінде аудан әкімдігі аппаратының мамандары көшені тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарды. Нәтижесінде тұрғындардың талап-тілектері толық орындалып, көше келбеті ретке келтірілді.

Қар ұстар орнату өтініші қанағаттандырылды

2025 жылдың 22 шілдесінде Тұран аудандық филиалы ұйымдастырған көшпелі қоғамдық қабылдауда мәслихат депутаты А. Зейнетаевқа Жаңаталап елді мекені тұрғыны, Гүлзира Ниязова жүгінді. Ол Тасты көшесіндегі №3 үйдің төбесіне қар ұстар орнатып беру мәселесін көтерді.

Депутат өтінішті жеке бақылауына алып, жағдайды көзбен көру үшін тұрғын үйге барды. Тексеру нәтижесінде мәселе расталып, қажетті жұмыстар жүргізілді. Қысқа мерзім ішінде үйдің төбесіне қар ұстар орнатылып, тұрғынның өтініші толық қанағаттандырылды.

Ашық диалог – нақты нәтиже

Бұл екі оқиға да азаматтардың партия алаңына жүгіну арқылы мәселелерінің оң шешім тапқанын көрсетеді. Мұндай қабылдаулар тұрғындардың саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, билік пен халық арасындағы өзара сенімді нығайтады.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да тұрғындардың әрбір өтінішіне дер кезінде жауап беріп, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуді жалғастырады.

Leave a reply