Шымкент: мобильді қоғамдық қабылдау – халықпен ашық диалог алаңы

0
95

Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «AMANAT» партиясы тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, олардың талап-тілектерін жедел қарауға баса мән беруде. Осындай мақсатта Шымкент қалалық филиалдың «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Еңбекші ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың пікірін ашық тыңдап, өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру және шешу жолдарын ұсыну. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Еңбекші аудандық филиал төрағасы Таймас Қамбатыров, атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков, қалалық мәслихат депутаты Альбина Елшиева, сондай-ақ басқармалар, аудан әкімдігі және құқық қорғау органдарының жауапты мамандары қатысты.

Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер – елдімекен ішіндегі жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық қауіпсіздік пен қаңғыбас иттер проблемасы болды. Әсіресе қаңғыбас иттердің көбеюі балалар мен қарт адамдардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп отырғаны атап өтілді.

Әрбір өтініш жеке қаралып, жедел шешілуге болатын мәселелер бойынша нақты шаралар қабылданды. Уақыт пен қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Партия өкілдері мұндай мобильді қабылдаулардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді. Бұл — азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, билік пен қоғам арасындағы сенімді диалогты нығайтуға бағытталған нақты қадам.

2025 жылдың басынан бері «AMANAT» партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6651 өтініш түскен. Соның 78 пайызы оң шешімін тапты, қалғандарына заң шеңберінде түсініктеме берілді. Бұл көрсеткіш – азаматтардың партияға сенімі мен белсенді қатысуының айқын дәлелі.

Leave a reply