
Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облыстық «Отбасы банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаев биыл шаһарда «Отбасы банк» арқылы несиелік жүйемен 2 078 тұрғын үйді берілетінін айтты. Түркістан қаласында орналасқан тұрғын үйлерге өтініштер — Түркістан облысы бойынша үй кезекте тұрған банк салымшыларынан қабылданады. Ал, шаршы метр бағасы 180 000 мен 220 000 теңге аралығында болмақ.