ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

0
34

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.

Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.

Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.

Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президенттің Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау,  қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі –  ортақ мақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет.

Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету-  Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосу өте  маңызды.

Президент Жолдауда маңызды міндеттердің бірі ретінде елге қомақты инвестиция тарту керек деп атап көрсетті. «Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет»-деді, Мемлекет басшысы.

Шынымен де қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсекелестік күшейіп барады. Қазақстан да осы сынға лайық жауап беріп, жаңа инвестициялық кезеңді бастауға тиіс. Сондай-ақ, бүгінге дейін келген қаржының көбі шикізат саласына бағытталды. Бұл да қажет, себебі ол біздің экономикамыздың тірегі болып отыр. Бірақ болашақта тек шикізатқа арқа сүйеу жеткіліксіз. Енді өндіріс, инновация, цифрлық технология, жасыл энергетика сияқты салаларға қомақты инвестиция тарту маңызды.
Сондықтан, – инвестиция саясатын әртараптандырып, еліміздің дамуына ұзақ мерзімді серпін беретін жобаларға басымдық берген жөн. Бұл – Қазақстанның тұрақты өсімі мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет қадам.

Leave a reply