Арманын кәсіпке айналдырған ана

0
23

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар – әсіресе әйелдер қауымы, оның ішінде көпбалалы аналар үшін үлкен мүмкіндік. Сол қолдауды тиімді пайдаланып, өз кәсібін бастаған жандардың бірі – Эльвира Джаунбаева.

Эльвира бала күнінен асхананың хош иісін жақсы көріп өскен. Тағам дайындау – ол үшін жай ғана жұмыс емес, шынайы жүрек қалауы. Мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алып, арманына алғашқы қадам жасаған ол бүгінде үй жағдайында жартылай дайын өнімдер дайындап, жергілікті дүкендерге жеткізумен айналысуда.

Асүйдегі әр тағамға барын салып, дәмі мен сапасына жіті мән беретін Эльвираның кәсібі бүгінде тұрақты табыс көзіне айналды. Ол өз ісіне жан-тәнімен берілген. Бұл — табандылықтың, ұмтылыстың және адал еңбектің жемісі.

Алайда Эльвира қазіргі жетістігімен шектеліп қалмақ емес. Алдағы мақсаты – қамырдан жасалатын өнімдерге арналған шағын цех ашып, кәсібін кеңейту. Ол үшін жаңа технологияларды меңгеріп, өндірісті жолға қоюды жоспарлап отыр.

Осындай еңбекқор аналарымыздың табандылығы мен жігері – көпке үлгі. Олар тек отбасын ғана емес, қоғамды да алға сүйреп келе жатқан шынайы тұлғалар.

Эльвираның табысты жолы — арманы бар әрбір жанның ұмтылса, мақсатына жете алатынының дәлелі. Қайсарлық пен еңбектің арқасында өмірін жаңа арнаға бұрған бұл анаға болашақта тек сәттілік пен кәсібінің кеңеюін тілейміз.

Leave a reply