Шымкент: Мәжілісте 14 мәселе талқыланды

0
112

Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті алтыншы сессиясының ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссяда Альбина Елшиева төрағалық етіп, бірлескен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі 14 мәселені талқылады.

Олар:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
2. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы;
4. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы;
5. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына өзгеріс енгізу туралы;
6. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есебі;
7. Қала тұрғындарын баспанамен қамту шаралары туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының есебі;
8. Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
9. Шымкент қаласының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
10. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы инвесторлар кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
11. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы»;
12. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
13. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
14. Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы;

Жиында қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары сөз алып, бір қатар депутаттық сауалдарға жауаптар алынды. Ал күн тәртібіне қойылған мәселердің шешімі 11-маусым 2021 жылғы жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісінде қайта қаралатын болады.

Leave a reply