Шымкент: «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді

0
125

Шымкентте 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросында айтылды.

Ресми статистикаға сүйенсек, Шымкентте 14-29 жас аралығындағылар саны 239 443 адамды құрайды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, шаһарда 16-29 жас аралығындағы 84 771 жас жұмыспен қамтылған. Шымкент жастары қай салада болмасын белсенді. Қазіргі таңда 35 жасқа дейінгі 5 депутат қалалық мәслихат депутаттығына сайланған.

Жалпы жол картасында 5 бағыт бойынша 91 іс-шара қарастырылған. Азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен және баспанамен қамту, бос уақытты тиімді пайдаланудағы бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Отырыста баяндама жасаған «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мағжан Исахов: «Жастар – Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының «Жол картасының» аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қоямыз. Біздің міндеттер мен оларды іске асырудың жолдары осы бағдарламада нақты белгіленген, -деді.

Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенген.

Leave a reply