Жас маманның алғашқы қадамы – білімге деген адалдықпен

А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетін сәтті аяқтаған жас маман Уктемжанов Улуғбек бүгінде өзінің еңбек жолын «Жастар практикасы» жобасы аясында бастап отыр. Ол Кентау қаласындағы «GRANT» мектебіне жолданып, тарих пәнінің мұғалімі ретінде шәкірттерге білім беруде.
Улуғбек үшін бұл – кәсіби дамудың алғашқы баспалдағы ғана. Жас маман білім беру ісіне шын ықыласпен кірісіп, ұстаздық жолдың жауапкершілігін терең сезіне білді. Тарих пәнін оқыту арқылы ол оқушыларға өткенді танытып қана қоймай, болашаққа бағыт-бағдар беруге, елжандылық пен рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бар күшін салып келеді.
Ұстаздық – тек мамандық емес, үлкен жүрек пен адалдықты талап ететін өмірлік жол. Улуғбектің білімге деген құштарлығы мен ізденіске толы еңбегі – осы жолда табысқа жетуіне берік негіз болмақ.
«Жастар практикасы» – еліміздегі жоғары оқу орындарын енді тәмамдаған жас мамандарға қолдау көрсетіп, алғашқы тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін маңызды мемлекеттік бағдарлама. Бұл жоба арқылы мыңдаған жас өз кәсіби бағытын табуға, білімін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында өз орнын алуға жол ашты. Улуғбектің мысалы – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, болашағын өзі қалыптастырып жатқан жастардың жарқын өкілі.
Бүгінгі білімге толы еңбек – ертеңгі жетістік пен сенімді қадамның кепілі. Жас маманға шығармашылық табыс, ұстаздық жолында биік белестер және алға қойған мақсаттарына жетуде мол сәттілік тілейміз!













