Жастарға бағыт – сенімді болашақ кепілі!

0
21

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар: Enbek.kz мүмкіндіктері таныстырылды

Кентау қалалық Мансап орталығы жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында ақпараттық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осы орайда, жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Черенбекова Қымбат Қарнақ ауылындағы мектептерге арнайы барып, жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық сабақ ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушыларға заманауи еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, цифрлық платформалар арқылы жұмыс іздеу жолдары мен онлайн қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, Skills.enbek.kz платформасы мен Электрондық еңбек биржасының (enbek.kz) артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

Мамандар осы платформалар арқылы оқушылар болашақта тегін онлайн курстардан өтіп, кәсіби дағдыларын дамыта алатынын және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алатынын түсіндірді. Сондай-ақ, платформада резюме толтыру, бос жұмыс орындарын қарау, кәсіби бағдар тесттерінен өту сияқты пайдалы қызметтер бар екені айтылды.

Leave a reply