Еңбек пен шеберлік үлгісі

0
40

Кентау трансформатор зауытында электр жабдықтары трансформаторға қажетті ағаштарды өңдейтін ағаш өңдеу цехы бар. Мұнда 9 маман еңбек етеді, олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Цехтың басты ерекшелігі – қызметкерлердің кәсібилігі мен еңбекке деген жауапкершілігі.

Ағаш өңдеу саласында 16 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Нұрлан Қожабергенов өз тәжірибесімен бөлісті. «Жұмыстың оңайы жоқ. Қиындығы да болады. Бірақ бастысы – өз мамандығын жақсы көру. Әрбір адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жұмысты барынша сапалы орындауға тырысады», – дейді Нұрлан мырза.

Цехта жүргізілетін барлық жұмыстар зауыттың өндірістік жүйесіне сәйкес ұйымдастырылған. Әрбір қызметкер өз міндетін нақты біледі, қауіпсіздік техникасы қатаң сақталады, ал құрал-жабдықтар мен жеке қорғаныс киімдері толық қамтамасыз етілген. Мұның бәрі өндіріс сапасын арттыруға және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еңбек адамының құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, кәсіби дамуды қолдау басты назарда екені айтылған. Кентау трансформатор зауыты осы жолдауды іс жүзінде жүзеге асырып, әр қызметкерге өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Ағаш өңдеу цехындағы әрбір қызметкер – зауыттың өндіріс тиімділігін арттыруға үлес қосатын маңызды буын. Олардың шеберлігі, кәсібилігі және еңбекке адалдығы – зауыттың сапалы және тұрақты жұмыс істеуінің кепілі.

Кентау трансформатор зауытының ағаш өңдеу цехы – еңбек адамына құрмет көрсетудің, кәсіби шеберлікті бағалаудың, қауіпсіздікті сақтау мен өндірістің тиімділігін арттырудың нақты үлгісі. Мұндағы әрбір жұмысшы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, зауыттың дамуына және қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үлес қосуда.

Leave a reply