САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАН ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

0
7
Сарыағаш ауданында Жылға ауылдық округіндегі Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерінің тұрғындары табиғи газға қол жеткізді. Игі шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы және жауапты сала өкілдері елді мекендерге арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары елдің амандығын тілеп, ақ баталарын берді.
Айта кетсек, Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, 2026 жылдың қаңтар айында толық аяқталды. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданына қарасты 63 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 87,3 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, 3 елді мекенде газбен қамту бағытында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал 5 елді мекенде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде.

Leave a reply