ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ДАЙЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАСАЛЫП, ӨНДІРІСТІ ЖЕДЕЛ ІСКЕ ҚОСУҒА МҮМКІНДІКТЕР КЕҢЕЙТІЛУДЕ

0
16

Бүгінде Түркістан облысында өнеркәсіптік және инвестициялық жобалар құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және машина жасау бағыттарында белсенді түрде іске асырылуда. Бұл жобалар ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да мүмкіндік беруде. Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру барысы өңір экономикасының дамуына серпін беретін негізгі бағыттардың бірі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өндіріс саласын кеңейту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қолға алынған жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етуде. Түркістан облысында инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік алаңдар салынды. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге, индустриялды аймақтарда 132,3 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аудандар мен қалаларда 214 гектар аумаққа шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл аймақтарда 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда. Нәтижесінде, 5 218 жұмыс орны құрылмақ. Осы бастама аясында өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА орналасқан «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС 16 роторлы (айналмалы) иіру желісімен жабдықталған тоқыма зауытының құрылысын қолға алған. Келес ауданында «Ажур» ЖШС қуаттылығы 20 МВт күн электрстанциясын салып жатыр. Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» АӨК жемістерді қайта өңдеу цехы және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жетісай ауданындағы «Olzha Smart» ЖШС жалпы білім беретін мектебі соғылуда. Бәйдібек ауданында «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК мақта өңдеу мен тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорынның құрылысын іске асыруда.
Түркістан облысында инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады. Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да өңірге 1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Осы мақсатта жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Өңірде индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің дамуы инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асуына қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Бұл алаңдарда кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылым ұсынылып, өндірісті қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік берілуде. Соның нәтижесінде жаңа зауыттар мен өндіріс орындары ашылып, өндірістік қуат артып келеді.

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар аясында жаңа жұмыс орындары құрылып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуы мен өндіріс ошақтарының ашылуы әлеуметтік жағдайдың жақсаруына оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар шетелдік және отандық инвесторлармен әріптестік байланыстар нығайып, жаңа жобаларды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Инвестициялық форумдар мен екіжақты келіссөздер арқылы өңірдің экономикалық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, жаңа серіктестіктер қалыптасуда. Өндіріс саласын дамыту бағытында өңірде жаңа технологияларды енгізу, өндірістік процестерді автоматтандыру және қосылған құны жоғары өнім өндіру жұмыстары қолға алынған. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтуде.

Өңірде жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы өңір экономикасының тұрақты дамуына, өндіріс көлемінің артуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына негіз болып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі кеңейту, жаңа өндіріс орындарын ашу және инвестиция тарту көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Түркістан облысында кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар аясында кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылым ұсынылып, өндірісті қысқа мерзімде іске қосуға қолайлы жағдай жасалуда. Бұл бағыт өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына серпін беріп отыр.тБүгінде облыста индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аталған өндірістік алаңдарда кәсіпкерлерге инженерлік инфрақұрылым толық қамтамасыз етіліп, электр энергиясы, су, газ және жол сияқты негізгі коммуникациялар дайын күйінде ұсынылады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, өндірісті жылдам іске қосуына мүмкіндік береді.

Осындай қолайлы жағдайлардың нәтижесінде өңірде жаңа өндіріс орындарының саны артып, құрылыс материалдары, жиһаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл өндірістер ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де кеңейтуде. Сонымен қатар дайын инфрақұрылымның болуы инвестициялық жобалардың тиімділігін арттырып, отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығын күшейтуде. Кәсіпкерлер үшін әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және өндірісті іске қосу мерзімін қысқарту өңірдің бәсекелестік артықшылығына айналып отыр.

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жаңа жұмыс орындарының құрылуына да ықпал етуде. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы халықты жұмыспен қамтып, ауылдық және қалалық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік беруде.

Алдағы уақытта бұл жұмыстарды кеңейту, жаңа өндірістік алаңдарды ашу және инвестициялық жобаларды қолдау шараларын күшейту жоспарлануда.

Leave a reply