ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПУТНИКТІК БАЙЛАНЫС, НАВИГАЦИЯ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСАДЫ

0
29

Түркістан облысында спутниктік байланыс, навигация және мониторинг технологияларын дамыту бағытында цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағыт өңірдің басқару тиімділігін арттыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қауіпсіздік жүйелерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Спутниктік байланыс технологиялары шалғай ауылдық елді мекендерде тұрақты интернет пен байланыс сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады. Кейбір қолжетімділігі төмен аймақтарда спутниктік интернет шешімдері енгізіліп, тұрғындардың цифрлық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі кеңейтілуде. Бұл әсіресе білім беру, мемлекеттік қызметтер және шұғыл байланыс салалары үшін өзекті.

Осы мақсатта Түркістанда өткен ауқымды саммитте мемлекет басшысы былай деді:

«Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн. Екінші мәселе: Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «CubeSat-12U» ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтуге болады».

Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді. Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын»,- деді ол.

Навигациялық жүйелерді қолдану өңірдегі көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында тиімділікті арттыруға ықпал етуде. GPS және геоақпараттық жүйелер арқылы көлік қозғалысын бақылау, маршруттарды оңтайландыру және ауыл шаруашылығы техникасын басқару жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мониторинг саласында спутниктік деректерді пайдалану арқылы жер ресурстарының жағдайы, егістік алқаптардың өнімділігі және экологиялық ахуал тұрақты бақылауға алынуда. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылығын жоспарлауда және табиғатты қорғау шараларын тиімді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару жүйесінде спутниктік мониторинг технологиялары кеңінен қолданылуда. Орман өрті, су тасқыны және басқа да табиғи қауіптерді ерте анықтау мақсатында деректерді талдау жүйелері жетілдірілуде. Өңірде цифрлық картография және геоақпараттық жүйелерді дамыту жұмыстары да жалғасуда. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлауға, құрылыс жұмыстарын тиімді жүргізуге және қалалық-ауылдық аумақтарды басқаруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында спутниктік байланыс, навигация және мониторинг салаларын дамыту өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдетіп, экономикалық тиімділікті арттыруға және басқару процестерін заманауи деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Қазіргі таңда цифрлық инновациялар экономиканың барлық салаларына кеңінен енгізілуде. Олар мемлекеттік басқару жүйесін тиімді етуге, бизнес процестерді оңтайландыруға, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық инновациялар электронды үкімет платформалары арқылы жүзеге асуда. Азаматтар көптеген қызмет түрлерін онлайн форматта алып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік алуда. Бұл бағытта процестерді автоматтандыру және деректерді бірыңғай жүйеде біріктіру жұмыстары жүргізілуде.

Экономика және кәсіпкерлік саласында цифрлық инновациялар электронды сауда, финтех қызметтері, онлайн төлем жүйелері және бизнес процестерді цифрландыру арқылы көрініс табуда. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар цифрлық инновациялар ауыл шаруашылығы, логистика, өнеркәсіп және қауіпсіздік салаларында да кеңінен қолданылуда. Дрондар, спутниктік мониторинг, смарт сенсорлар және жасанды интеллект жүйелері өндірістік тиімділікті арттыруға ықпал етуде.

Leave a reply