ТҮРКІСТАНДА СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАР ДАМЫП КЕЛЕДІ

0
30

Түркістан облысында спорт туризмін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, өңірдің туристік және спорттық әлеуетін арттыруға ықпал етуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың экономикалық дамуына ғана емес, жастарды спортқа тартуға және бұқаралық спортты дамытуға да мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өңірде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа спорт нысандарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Инвесторлардың қатысуымен заманауи стадиондар, спорт кешендері, жаттығу базалары және туристерге арналған демалыс аймақтары салынуда. Бұл нысандар халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, өңірді спорттық іс-шараларды қабылдай алатын орталыққа айналдыруға бағытталған.

Жалпы Түркістан облысында халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар белсенді түрде ұйымдастырылып, өңірдің спорттық және туристік беделі артып келеді. Бұл іс-шаралар облыстың спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, жастарды спортқа тартуға және халықаралық әріптестікті нығайтуға ықпал етуде.

Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қорытынды іріктеу жарыс саналады.

Оған қоса Түркістан қаласында және облыстың бірқатар аудандарында түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық және өңірлік турнирлер, оқу-жаттығу жиындары және бірлескен спорттық жобалар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, футбол, күрес, дзюдо, таеквондо, жеңіл атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар шетелдік спортшылар мен жаттықтырушылардың қатысуымен өтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр. Сонгымен қатар Түркістан облысында ескек есу арнасы халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы заманауи спорт нысандарының біріне айналып отыр. Соңғы жылдары бұл нысанда түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өңірдің спорттық беделі артып келеді. Ескек есу арнасында академиялық ескек есу, байдарка және каноэ түрлері бойынша республикалық чемпионаттар мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп жүр. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спортшылардың қатысуымен бірлескен дайындық шаралары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу жұмыстары жолға қойылған. Бұл спортшылардың шеберлігін арттырып, бәсекелестік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Аталған спорттық нысанның инфрақұрылымы халықаралық талаптарға сай жабдықталғандықтан, ол ірі жарыстарды қабылдауға толық мүмкіндік береді. Арна бойындағы су айдынының қолайлылығы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы спортшылар үшін тиімді жаттығу алаңын қалыптастырып отыр.

Спорт туризмі – Түркістан облысы үшін жаңа бағыттардың бірі. Табиғи ландшафттардың қолайлылығы тау туризмі, велотуризм, жаяу серуен және экстремалды спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытта арнайы туристік маршруттар әзірленіп, спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізуге арналған инфрақұрылым қалыптастырылуда.

Инвестициялық жобалар аясында спорт мектептері мен оқу-жаттығу орталықтарын дамытуға да ерекше назар аударылуда. Жас спортшыларды даярлау, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыстыру және жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бағытындағы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл өңірдің спорттық әлеуетін күшейтіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар спорт туризмі мен жалпы туризмді біріктіретін кешенді жобалар іске асырылуда. Қонақүйлер, демалыс кешендері және туристік базалар спорттық инфрақұрылыммен үйлестіріліп, туристерге қолайлы жағдай жасалуда. Бұл ішкі және сыртқы туристер ағынын арттыруға ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында спорт туризміне тартылған инвестициялар өңірдің жаңа даму бағытын қалыптастырып отыр.  Түркістан облысында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалар бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, жастарды салауатты өмір салтына тартуға және өңірдің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Соңғы жылдары облыс аумағында заманауи талаптарға сай спорт нысандарын салу және қолданыстағы инфрақұрылымды қайта жаңарту жұмыстары қарқын алды. Қалалар мен аудан орталықтарында жаңа спорт кешендері, футбол алаңдары, жеңіл атлетика манеждері, жабық спорт залдары және жаттығу алаңдары кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Бұл нысандар халықтың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Спорттық инфрақұрылымды жаңғырту аясында ауылдық елді мекендерге де ерекше көңіл бөлінуде. Ауылдарда шағын спорт алаңдары, воркаут-аймақтар және балаларға арналған ойын-спорт кешендері салынып, бұқаралық спорттың қолжетімділігі артып келеді. Бұл ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттырып, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар облыста спорт мектептерін дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшыларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оқу-жаттығу үдерісін жақсарту бағытында жүйелі қолдау көрсетілуде.

Түркістан облысында спорттық инфрақұрылымды дамыту тек әлеуметтік бағытта ғана емес, сонымен қатар туристік және инвестициялық әлеуетті арттыру тұрғысынан да маңызды. Халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін нысандардың пайда болуы өңірдің беделін көтеріп отыр. Өңірде спорт саласын дамытуға бағытталған жобалар мен ынтымақтастық меморандумдар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар бұқаралық спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жаңғыртуға және кәсіби спортты қолдауға бағытталған. Облыста соңғы жылдары бірқатар инвестициялық және әлеуметтік жобалар қолға алынып, жаңа спорт нысандарының құрылысы мен қолданыстағыларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Заманауи спорт кешендері, футбол алаңдары, жаттығу залдары және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт инфрақұрылымдары кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде.

Спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында отандық және шетелдік ұйымдармен бірқатар меморандумдарға қол қойылған. Бұл келісімдер спорт инфрақұрылымын дамыту, жаттықтырушылар біліктілігін арттыру, спортшыларды даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарын қамтиды. Мұндай әріптестік өңір спортшыларының кәсіби деңгейін көтеруге және халықаралық жарыстарға дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар меморандумдар аясында балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлінуде. Спорт мектептерін қолдау, жаңа секцияларды ашу және дарынды жастарды анықтау бағытында бірлескен бағдарламалар іске асырылуда. Бұл болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады. Облыста бұқаралық спортты дамыту да негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар, жарыстар және бұқаралық марафондар ұйымдастырылуда. Бұл халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Leave a reply