
Түркістан облысында цифрлық технологияларды дамыту экономиканың барлық салаларын қамтып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Цифрландыру үдерісі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, жаңа өндірістерді дамытуға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және заманауи технологияларды кеңінен енгізуге негіз болып отыр. Сонымен қатар өңірде
гроөнеркәсіп кешенін дамытуда цифрлық технологияларды енгізу мен заманауи агротехникалық шешімдерді қолдануға ерекше басымдық берілуде. Өңір экономикасының негізгі драйверлерінің бірі саналатын ауыл шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды пайдалану өнімділікті арттыруға, су ресурстарын тиімді басқаруға және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағыттағы жұмыстар ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа сапалы деңгейге көтеріп, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етуде.
Бүгінде облыста су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларын енгізу ауқымы кеңейіп келеді. Тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану, автоматтандырылған су тарату тетіктерін енгізу және цифрлық бақылау жүйелерін пайдалану арқылы егістік алқаптарындағы суды тиімді пайдалану көрсеткіші артып келеді. Бұл әсіресе су тапшылығы мәселесі өзекті болып отырған өңір үшін аса маңызды.
Сонымен қатар, геоақпараттық жүйелер мен спутниктік мониторинг технологиялары арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау, топырақтың құнарлылығын анықтау, егістіктердің өсу кезеңдерін қадағалау және өнім көлемін болжау мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Сандық деректерді талдау арқылы шаруалар агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізіп, өнім сапасы мен көлемін арттыруға қол жеткізуде.
Өңірде «дәлме-дәл егіншілік» технологияларын енгізу де кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл технологиялар тыңайтқыштарды, су ресурстарын және өсімдіктерді қорғау құралдарын нақты мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өндіріс шығындары азайып, жер ресурстарын тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды ауыл шаруашылығында пайдалану тәжірибесі де кеңейіп келеді. Дрондар арқылы егістік алқаптарына мониторинг жүргізу, зиянкестер мен өсімдік ауруларын ерте анықтау, тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды бүрку, сондай-ақ өнімнің жай-күйін бақылау жұмыстары жүргізілуде. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жылыжай шаруашылығы мен интенсивті бақтарды дамытуда да цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Автоматтандырылған климаттық бақылау жүйелері, температура мен ылғалдылықты реттеу құрылғылары, смарт-суару жүйелері өнім сапасын жақсартуға және жыл бойы тұрақты өнім алуға жағдай жасауда. Бұл технологиялар ресурстарды үнемдеумен қатар, экспортқа бағытталған сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығында да цифрлық шешімдерді қолдану ауқымы артып келеді. Электронды сәйкестендіру жүйелері, мал басын есепке алу және мониторинг жүргізу платформалары, ветеринариялық қызметтерді цифрландыру жұмыстары саланың тиімділігін арттыруға ықпал етуде. Бұл мал өнімдерінің сапасын бақылауға және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру фермерлердің ақпаратқа қолжетімділігін арттырып, нарықтық жағдайды талдауға, өнімді өткізу тетіктерін жетілдіруге және заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалануға жол ашуда. Сонымен қатар, жасанды интеллект элементтері мен деректерді талдау жүйелерін енгізу арқылы ауа райын болжау, өнім көлемін алдын ала есептеу және агротехникалық процестерді оңтайландыру бағытындағы жұмыстар қолға алынуда.
Жалпы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстары агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға, еңбек өнімділігін жоғарылатуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи технологияларды кеңінен енгізу арқылы Түркістан облысы ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдерді қолданатын және цифрлық трансформацияны белсенді жүзеге асырып отырған өңірлердің біріне айналып келеді.
Оған қоса Өңірде өндіріс орындарын жаңғырту және өнеркәсіпті цифрландыру бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерде заманауи технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері, деректерді талдау құралдары және цифрлық платформалар енгізілуде. Бұл кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттырып, өндірістік процестердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту арқылы инновациялық экожүйені қалыптастыруға басымдық берілуде.
Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында цифрлық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Электрондық денсаулық паспорттары, медициналық ақпараттық жүйелер, онлайн қабылдау қызметтері және қашықтықтан кеңес беру мүмкіндіктері халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, медициналық деректерді цифрландыру арқылы диагностикалық және емдеу процестерінің тиімділігі жақсарып келеді.
Туризм саласында цифрлық сервистерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Туристік нысандар туралы ақпараттық платформалар, онлайн брондау жүйелері, виртуалды экскурсиялар және цифрлық гидтерді енгізу арқылы өңірдің туристік әлеуеті артып келеді. Бұл туристер үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беруде.
Көлік және логистика саласында да цифрлық технологияларды қолдану бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жүк тасымалын бақылау, логистикалық процестерді автоматтандыру, навигациялық жүйелерді пайдалану және цифрлық мониторинг құралдарын енгізу арқылы көлік инфрақұрылымының тиімділігі артып келеді. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етуде.
Сонымен қатар, Түркістан облысында инновациялар мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше назар аударылуда. Деректерді талдау, автоматтандыру, роботтандыру және интеллектуалды жүйелерді пайдалану арқылы өндіріс пен қызмет көрсету салаларының тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Шағын өндірістік парктерде жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, оның ішінде дрон шығаратын зауыттың іске қосылуы өңірдің цифрлық және инновациялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.













