Шымкентте мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

0
129

Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШНОС) жөндеу жұмыстары аяқталды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, зауыттың барлық құрылғысы қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр.

Он үшінші маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды, соңғы бес күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі – 6,5 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру де қайта қалпына келтірілген, соңғы төрт күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаны құрайды. Соңғы уақыттарда жанар-жағармайды тасымалдау қызметінде де мәселе туындаған. Қазір толық көлемде жеткізу қызметі іске кірісіп, алдымен оңтүстік аймаққа жөнелтуге басымдық беріліп отыр.

Айта кетейік, биылғы алтыншы мамырдан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты кезекті жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Аталған кәсіпорын қала мен аймақ үшін ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл ел үшін маңызды, яғни бұл оңтүстіктегі жылына 600 мың тоннадан астам жанармай өндіретін бірден бір зауыт.

Leave a reply