Балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау жұмыстары аяқталуға таяды

0
127

Шымкент қаласында биыл алғаш рет бірінші сынып оқушылары мектептерге электронды жүйе бойынша қабылдануда. Бүгінге дейін қалада бірінші сыныпқа баратын оқушылардың сексен жеті пайызы қабылданып үлгерді.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінің «Инстаграм» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деді. Басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Оның айтуынша, ата-аналар өз өтініштерін жүз пайыз Egov порталы арқылы жіберуде. Бұрын балаларды қабылдау жұмыстары он бесінші қыркүйекке дейін созылып, мектеп тарификациясын бекіту ай соңына дейін созылатын болды. Енді білім ұйымы жаңа оқу жылына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

– Бұл шешім еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан сапалы білім беруде нәтижеге қол жеткізуге бағытталған зор мүмкіндік деп білемін, – деп хабарлады Жанат Арысбекқызы.

Тікелей эфир барысында сала басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Leave a reply