Шымкентте 4 ірі жолайрық салынады

0
101
Шымкентте қазіргі уақытта екі жүз тоқсан бес бүтін үш шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде тоқсан екі бүтін екі шақырым магистралды, екі жүз үш бүтін бір шақырым ішкі орамдық көшелер.
Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында төрт ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. Бір жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін алпыс үш бүтін үш пайызға жетеді.
Қоғамдық көліктердің сексен пайызы жаңаланады. Былтыр бес жүз тоқсан жаңа автобус сатып алынып, оның үш жүзі жолға шықты, жыл соңына дейін екі жүз тоқсан жаңа автобус қосылады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүгедектерге қолайлы.
Ал, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қалада тоқсан екі гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Одан бөлек, тағы да үш логистикалық жобаның құрылысы жүргізілуде.

Leave a reply