Коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың жағдайы жақсы
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған қырық жеті жағдай тіркелді. Оның отыз төрт симптоммен, он үш симптомсыз. Оның ішінде он төрт адам инфекциялық стационарға жатқызылып, отыз үш адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияда үш жүз жиырма сегіз адам (КВИ – жүз сексен тоғыз, пневмония – жүз отыз тоғыз) ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта қаладағы мамандандырылған инфекциялық орталықта сегіз жүз жиырма алты төсек-орын бар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада бес мың сегіз жүз тоқсан бір адам вакцина алды
(I компонент-3643, II компонент-2248). Егу науқаны басталғалы барлығы екі жүз отыз тоғыз мың бес жүз жиырма төрт адам вакцинацияланды. Оның ішінде жүз қырық бір мың үш жүз жиырма сегіз адам вакцинаның екі компонентін алды. Мамандардың айтуынша, вакцина алғандардың жағдайы жақсы.
Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ескертеді. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүруі тиіс.