Карантин режимін сақтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілді

0
107

Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтау бойынша аудан аумақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша мобильдік топ отыз сегіз нысанды аралап шықты. Аудан әкімі аппаратының және жергілікті полиция қызметкерлері және номері он үшінші емхананың қызметкерлері сауда нысандарына тексеру жұмыстарын жүргізіп шықты.

Рейд барысында алты нысанда мерекелік іс-шаралар өтіп жатқандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырмақ ниетте. Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтауға және жауапкершілікті сезінуге шақырамыз, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін жиырма мобильдік топ жұмыс атқарып жатыр. Олар өткен тәулікте жүз жетпіс бес нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде он нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (жүз жетпіс екі кәсіпкерлік нысан және үш жеке нысан).

Leave a reply