«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда

0
381

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, Шымкент қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Басқарманың мәліметінше, жоспарға сәйкес жұмыстар негізгі 2 бағытта (Реконструкциялау бойынша 1 жоба, құрылыс бойынша 12 жоба) барлығы 13 жобаны іске асыруға 15 251,9 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 392 жұмыс орыны құрылады. 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі кезде 11 инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттік сатып алу рәсімделуде.

Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау, қызмет алушы азаматтарды бір жерде шоғырландырмау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлініп, қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, биыл Шымкентте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бағдарламаның ережелеріне сәйкес несиелер жылдық 6 пайызбен 23 млн. теңгеге дейін 7 жылдық мерзімге беріледі. Сонымен қатар халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін несиелер жылдық 4%-бен беріледі. 1 маусымда 5 жоба мақұлданып, оларға 68 млн. теңге бөлінді.

Leave a reply