Жас аналарды қолдау мақсатында тегін курстар өткізілді
«SHANYRAQ» Отбасы институты орталығында мамыр айынан бастап жас аналарға қолдау көрсету мақсатында массаж жасау бойынша тегін курстар ұйымдастырылған болатын. Сонымен бірге, курста балаларға арналған массаждың ерекшелігі мен бала денсаулына әкелетін пайдасы туралы баяндалып, барлық қыр-сыры түсіндіріліп өтті.
Лаура Кұдайбергенова- «Меруерт» оқу орталығының білікті массаж маманы. Ол жиырма бес күн аралығында он ананы оқытыпьы және отыз алты сағаттық курс өткізді. Курстың алғашқы түлектеріне массажист сертификаттары табысталды. Өз сәбилеріне массаж жасауды үйренген қыз-келіншектер сертификат арқылы алдағы уақытта өз кәсібін бастауына да мүмкіндік алып отыр.
-Орталықта аналарды қолдау мақсатында түрлі тегін курстар өткізуді қолға алдық және қысқа уақыт ішінде жетістіктерге жетіп, біраз аналардың алғыстарын алудамыз. Оқу курсынан өткен барлық аналардың өз кәсібін дамытып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», – деді «Shanyraq» орталығының меңгерушісі Абибулла Қалымбет.