Қала әкімі белгілі журналист Байдулла Қонысбекті «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады

0
232
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов журналистика саласына еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады. Мереке қарсаңында оқырмандарымызға марапатталған әріптестерді жеке жеке атап өтуді жөн санадық.
Қазақ журналистикасының атасы – Байдулла Қонысбек “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас (Бәйдібек) ауданы Жамбыл атындағы кеңшарында бастаған. Алайда оның шығармашылыққа деген құмарлығы журналистикаға алып келді. 1966-1985 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында аудармашы, әдеби қызметкер, жауапты хатшы, нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болды.
Ал, 1987-2002 жылдары облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінде, облыстық телерадио компаниясында төраға қызметін атқарды. 2002-2006 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметінде жүріп зейнеткерлікке шықты. Зейнеткелікке шықса да Байдулла аға қарап отырған жоқ. Облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене араласады.
«Биік мұрат», «Бетпе – бет», «Ұрпаққа ұлағат», «Асыл жүрек», «Алуан-алуан жүрек бар» деген кітаптары жарық көрген. Қазақстанның Құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.
Байдулла Қонысбек облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салыса отырып, облыста атқарылып жатқан игілікті істерді насихаттауға, зиялы қауым өкілі ретінде елдің ынтымағы мен бірлігің насихаттауға өз үлесін қосуда.
Байдулла Қонысбек «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы». Бүгін де өз еңбегіне лайықты марапатқа ие болып отыр.

Leave a reply