Спорт ұйымдарының қызметкерлері Елбасы тестілерін тапсырды

0
127

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Қала күніне» орай Елбасы тестілері өткізілді. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттауды мақсат тұтқан шараға қалалық спорт басқармасына қарасты мекемелердің 400-ге жуық қызметкерлері қатысты. Олар спорттың бірнеше түрінен тест тапсырып өз мүмкіндіктерін сынап көрді.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара қатысушылары спорттың 11 түрі бойынша өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Алдымен 100-1000 метр қашықтыққа жүгірсе одан кейін бір орында тұрып ұзындыққа секірді. Сонымен қатар түрлі дене жаттығуларын жасап жүзумен, гранат лақтырудан да өз бақтарын сынады.

Елбасы тестілерін тапсырушылардың жасына шектеу жоқ. Жұмысқа енді кірген жас маман мен зейнеткерлік жасқа жақындап қалған қызметкерлерде шаршы алаңда. Тест тапсыру кезінде барлығы тапсырманы белгіленген тәртіп бойынша мінсіз орындауға тырысты. Ал, олардың спорттық орындауларын арнайы мамандар бақылап отырды.
Қалалық спорт және денешынықтыру басқармасы ұйымдастырған шара алдағы уақытта жалғаспақ. Ол кезде шараға қаладағы өзге мекеме қызметкерлерін тарту жоспарланып отыр.

Leave a reply