АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
108
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов қалалық тиісті басқарма өкілдерімен бірлесе «Ынтымақ-2» шағынауданында жергілікті тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары шағынаудандағы құрылыс жұмыстарының барысын баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда шағынауданда ауыз су бойынша ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Оған жауапты мердігер – «Компания Ахмет» ЖШС.
Электр жарығы бойынша бюджеттен қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ынтымақ-2» шағынауданының батыс бөлігінде де «А.Мерей и К» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары қолға алынған.
Табиғи газ мәселесі бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу соңында аудан әкімі жұмыстардың барлығы қала әкімінің бақылауында екенін жеткізіп, мердігер мекемелерге сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Leave a reply