ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛҒАН ЖАСТАР ҚАТАРЫ АРТУДА

0
115

Президент Қ.К.Тоқаев айтқандай елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың қалыпты болуына дұрыс жүргізілген жастар саясатының ықпалы зор. Өйткені креативті жастар ғана емес жастық жалынымен алып-ұшып тұрған жасөспірімдер асау толқындай, дұрыс бағыттамаса алдындағы бөгеттің бәрін бұзып-жарып кете береді.
Сондықтан да мемлекетіміз жас ұрпақ мәселесіне ерекше орын береді. Балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейін, тіпті диплом алып жас маман болған кезде де жас ұрпақ мемлекет назарынан тыс қалмайды. Көптеген бағдарламалар арқылы жастарға үкімет тарапынан қолдаулар жасалады.
Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 239 986 жас бар. Бұл қала халқының 22,3 %-ын құрайды. Қалада студент жастар үшін 40 жатақхана жұмыс істейді. Жатақханамен қамтылған студенттер саны – 7 554.
2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған жастар саны – 4647 (2020 жылы 3620 жас). Оның ішінде уақытша жұмыспен қамтылған жастар – 2520, бос жұмыс орындарына жолдама берілгені – 1603, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алған жастар саны – 524.
Қала бойынша 48 жастар ұйымы тіркелген, оның 21-і белсенді қызмет етеді (43,7%). Жастарға арналған іс-шараларды жүзеге асыруға және жастар қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақсатында 2021 жылы 9 жоба қаржыландырылды.
Шымкент қаласында 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жастар арасында 426 қылмыс (2020 жылы 620 қылмыс) тіркелген. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 194 қылмысқа төмендеген.
Сонымен қатар, Қазақстан Рсепубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 15 тақырыпта жаңа апталық бағдарламалар әзірленуде. Көпшіліктің көзайымына айналған «Ақжүніс» отбасылық бағдарламасы шілде айынан бастап апта сайын көрермен назарына ұсынылмақ.

Leave a reply