32 жоба шеңберінде 547 жаңа жұмыс орындары құрылды

0
113

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі» тапсырмасына сәйкес, еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықтың табысын арттыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың 02.02.2022 жылғы №21-05/05-3090 хаттамалық тапсырмасын негізге алып, облыс әкімдігі тарапынан жұмыспен қамтудың 2022-2025 жылдарға арналған «өңірлік картасы» бекітілген. Бекітілген карта негізінде, жыл ағымында облыс аумағында 444 жобаны іске асыру аясында 33819 жұмыс орындарын құру (оның ішінде: 5087-тұрақты жұмыс, 28732- уақытша жұмыс) көзделсе, Аталған картаның аудан, қала бөліністеріне сәйкес,  Түркістан қаласы бойынша 1179 жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттелген. Жыл ағымында ұйымдастырылған  қарқынды жұмыстар нәтижесінде іске асырылған 32 жоба шеңберінде 547 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән беріліп, инвестициялар тарту, кәсіпорындарды көбейту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар жандандырылып, Қаламызда шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда жеке бастамалар бойынша 84 шағын және орта бизнес субъектілері өз кәсіпкерліктерін заңдастырып жаңа жұмыс орындарын ашуға атсалысты. (Мысалы: Balkon- 22 жұмыс орны, GoBar- 15 жұмыс орны, Coffeе Boom – 22 жұмыс орны, Navoiy – 15 жұмыс орны, Кәусар – 30 жұмыс орны, Астау – 15 жұмыс орны, DoDo Pizza – 5 жұмыс орны, Al-fatih – 30 жұмыс орны, Жеті Тандыр 53 –  жұмыс орны, Ramada Turkestan -30  жұмыс орны, және т.б) Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан  қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылып, Қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және бастапқы кәсіпкерлікке баулу бағытында былтырғы жылы «Еңбек» мемлекеттік барғарламасы шеңберінде мемлекеттік грант алған 253 азамат бүгінге өз кәсіпкерліктерімен айналысуда.

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес,биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту туріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған.  Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданды. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын  жұмыс орындарына тоқталсақ, биылғы жылы қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды.

Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 6 ай ағымында 171 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 6 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалды.

Түркістан қаласындағы осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Кешенді жоспарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 300 азаматқа  ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың әлеуметтік қолдау шараларын көрсету міндеттеліп, 21 азаматты квота есебінен жұмыспен қамту көзделген. Есепті айда мүмкіндігі шектеулі 156 азамат белсенді шараларына тартылып, оның ішінде 15 азамат квота есебінен жұмыспен қамтылды.

Leave a reply