Ким Чен Ын Ресейге барды

0
152

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге ресми сапармен барды. Бұл туралы Табиғатты қорғау министрі және КХДР-мен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық серіктестік бойынша үкіметаралық комиссия төрағасы Александр Козлов Telegram-арнасында мәлімдеді. Бұл туралы Infonews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

“Солтүстік Корея көшбасшысын күтіп алдым. Ким Чен Ын ресми сапармен Ресейге келді”, – деп жазды төраға.

Кездесу КХДР-мен шекарадағы Приморье өлкесі Туманная өзені үстіндегі көпірде болды. Министр Ким Чен Ынның пойыздан шығып жатқан видеосын жариялады.
“Біз бұрыннан көршілерімізбен жақсы қарым-қатынастамыз, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм мен басқа салалардағы серіктестіктің әлеуеті жоғары” , – деп жазды Кожекмяко.

Кремльдің хабарлауынша, сапар барысында Владимир Путин Ким Чен Ынмен жеке және кеңейтілген құраммен келіссөз жүргізеді. Оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу да қатысады.
Бұл сапарға Ким Чен Ынмен бірге Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи, Корея Еңбек партиясы ОК әскери басқарма бөлімшесінің басшысы Пак Чон Чхон, Орталық әскери комитет басшысының орынбасары Ли Бён Чхоль келген.
Бұған дейін Солтүстік Корея көшбасшысы 2019 жылдың сәуірінде Владивостокқа келген еді. Ол 2011 жылы қызметіне кіріскен Ким Чен Ынның Ресейге алғашқы сапары болатын.

Leave a reply